АҚШ дипломаттары Абай өлеңдерін жатқа оқыды

АҚШ дипломаттары Абай өлеңдерін жатқа оқыды
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қызметкерлері Абайдың туған күніне орай қазақтың ұлы ақыны және ойшылының өлеңдерін қазақ тілінде оқыды. Видео дипломатиялық өкілдіктің Instagram желісіндегі ресми аккаунтында жарияланған.

АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының өкілдері бейнероликте Абай өлеңдерін оқыды. Бірі "Көзімнің қарасы" әнін гитарада орындаған. Елімізге келгеннен кейін дипломаттар ұлы ақын және ойшылдың шығармашылығымен танысуға ниет білдірген.

"Бейнежазбада Брайан Смит, Эмбер Ора, Рафаэль Гонсалес, Джон Орак өлең оқиды. Қазақстанға келгенге дейін дипломаттар қазақ тілін үйренген. Олар осында да оқуын жалғастырып жатыр. Эмбер мәдениет және білім жөніндегі атташе. Джонның қазақша аты Жәнібек. Ол қазақ тілінен бөлек араб тілін де біледі", - дейді баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

 "Қазақстанға келгелі біз де хәкім Абайдың өлеңдерімен танысуды жөн көрдік. Кейбірін жатқа айтамыз", - дейді бейнежазбада Брайн.

Т. Раушанұлы