Бүгін антициклон Қазақстанның басым бөлігіне аяз орнатады

Бүгін антициклон Қазақстанның басым бөлігіне аяз орнатады

"Казгидрометтің" хабарлауынша, 27 желтоқсан, яғни бейсенбі күні, Қазақстанның басым бөлігіне суық антициклон әсер етеді. Ол аязды, бірақ жауын-шашынсыз ауа-райын әкелмек.

Еліміздің солтүстігі мен батысында тұрақсыз ауа-райы байқалады. Бұнда қар, боран, көктайғақ және желдің 15-20 м/с-қа дейін жоғарылауы болады.

Жамбыл облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде 25 м/с-қа дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында тұман және қатты жел байқалады. 

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында да жел 15-20 м/с болады, сонымен қатар Қызылордада қатты көктайғақ болады. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында жел жылдамдығын жоғарылатады, боран болу мүмкіндігі жоғары. Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанда қатты жел мен боранға көктайғақ қосылады.

Атырау облысында жел мен көктайғаққа тұман қосылмақ. Қостанай облысында да ерекше қатты желдер байқалуда. Сондай-ақ Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кейбір  жерлерінде ерекше суық ауа-райы болады деп күтілуде.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vesti.kz 

С. А