Жел тұрып, жаңбыр жауады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Жел тұрып, жаңбыр жауады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Қазгидромет Қазақстанда 29, 30 және 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжауынша, наурыз айының соңғы күндерінде циклон науқаны тұрақсыз ауа райын тудырады – республиканың барлық аумағында дерлік жауын-шашын жауады: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 30 наурызда шығыста.

"Тұман, көктайғақ күтіледі, жел секундына 15-28 метрге дейін күшейеді, солтүстікте, оңтүстікте секундына 30 метр және одан да көп екпінді жел соғады. Солтүстікте, шығыста, орталықта – қарлы ақтүтек. Түнде республиканың солтүстік жартысында 6 градус суық, 2 градус жылы, республиканың оңтүстік жартысында – ауа температурасының 5 градус суық - 5 градусқа дейін жылы аралығында болады", - делінген хабарламада.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ауа температурасы күндіз еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде – 10-20 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде – 2-8 градусқа дейі, жылы ауа температурасы  күтілуде. Республиканың шығысында және орталығында - 3-11 градусқа дейін жылы болады.

Т. Раушанұлы