22 наурызда ауа райы қандай болады

22 наурызда ауа райы қандай болады
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

22 наурызға Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен маңызды ауа райы құбылыстарының болжамы жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК жазды.

«Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Батыс, солтүстік, шығыс облыстарда – аздаған бұрқасынмен қар жауады, республиканың оңтүстік жартысында – жауын-шашын болады. Республикада тұман, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, батыста және шығыста бұрқасын күтіледі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысының оңтүстік жартысында желдің күшеюі 15-20 м/с жетіп, аздаған бұрқасын, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде түнде желдің күшеюі 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды ​​облысында баяу бұрқасын күтіледі, Түнде желдің күшеюі, 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ, облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында – тұман, көктайғақ, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында желдің күшеюі, таулы аймақтарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында түнде орталықта, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында – аздаған боран соғады, орталықта жел күшейеді, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Қостанай облысында облыстың солтүстігінде, батысында – тұман, қар жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында баяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, солтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман.

Түнде Атырау облысының шығысында және орталығында – тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Т. Раушанұлы