Қазақстанның 3 қаласында ғана трамвай бар

Қазақстанның 3 қаласында ғана трамвай бар
Фото: transphoto.org

Дүниежүзінде трамвайы бар қалалар өте аз. Трамвай – тарихпен бірге жасап келе жатқан транспорт. Онымен мақтанатын қалалар да жетерлік әлемде. Соның бірі бәрімізге таныс – Сан-Франциско. Ал Қазақстанда қандай қалаларда трамвай бар екен, соны тағы бір еске салып, түгендеп шығайық.

Кеңес кезінде Қазақстанның біршама қаласында трамвай болған. Бірақ қазір небары 3 қалада ғана қалды.

Өскемен

Өскеменде трамвай паркі 1949 жылы ашылған. Қазір бұл паркте 40-қа жуық трамвай вагоны бар. Негізінен 3 маршрут бойынша қатынайды.

Трамвайларының көбі ескі. Ресейдің Челябі қаласындағы Усть-Катав вагон жасау зауытында жасалған 1973 жылғы 71-605 модельді вагондар. Бұлардың салмасы 18 тоннаға дейін жетеді. Жылдамдығы 75 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Ішіне 200-ге дейін адам сыяды.

Вагондардың ішінде Санк-Петербургте жасалған жалғыз 71-134К (ЛМ-99К) модельді вагон бар. 1999 жылы зауыттан шыққан. Салмағы 20 тоннаға жуық. Шамамен, 200-ге жуық адам сияды.

Айтпақшы, Алматыдан алып тасталған трамвайлардың бір бөлігі дәл осы Өскеменге жеткізілген. Нақтырақ айтсақ, 10 алматылық вагон қазір Өскеменнің тұрғындарын тасып жүр. Моделі – Германияда жасалған "Тетра" атты КТ-4DtM вагондары.

Сондай-ақ, қала әкімдігінің хабарлауынша, келесі жылы да жаңа трамвайлар сатып алынбақ. Әкімдік трамвай паркін жыл сайын жаңартуды көздеп отыр.

Трамвай – Өскеменде түн жарымға дейін жүретін жалғыз қоғамдық көлік. Жұмысын таңғы 5:18-де бастап, түнге 00:39-да аяқтайды. Билет бағасы – 60 теңге.

Павлодар

Қазақстандағы ең ірі трамвай желісі Павлодарда. Трамвай паркі бұл қалада 1965 жылы құрылған. 18 маршрут бойынша қатынайды. Әсіресе, вагондардың көбі адам тығыз кезде, час-пик уақытында жолға шығады.

Трамвайлардың көбі Усть-катав зауытынан шыққан 71-605, 71-608К, 71-608КМ, 71-619К, 71-623-02 модельді вагондар.

2017-2019 жылдары Белоруссиядан 23 трамвай әкелінген.

Трамвайдың жұмысы уақыты – таңғы 5.00 пен түнгі 02.00-дің арасы. Қоғамдық көліктің бұл түрі Павлодар жолаушыларының 39 пайызын тасиды. Керек кезде қос вагонды трамвайларға жолға шығады.

Теміртау

Ең кіші трамвай желісі. Ол да 1949 жылы құрылған. Бір-ақ маршрут қатынайды. Бұрында көбірек болған. Бірақ кейбір желілер жабылып, трамвай жолдары демонтажға кетті.

Жұмыс күндері 18, демалыс күндері 12 трамвай қатынайды.

Теміртаудағы трамвайды елге танымал "АрселорМиттал Темиртау" компаниясы басқарады. Сондықтан бұл компанияның қызметкерлері тегін жол жүреді.

Трамвай паркінде 40 вагон бар. Көбісі ескі. Өскемендегі сияқты 71-605 модельді вагондар. Арасында немістің "Татра" КТ-4DM модельді вагондары бар.

1960 жылдары шығарылған ескі трамвайдың бірі КТМ-2 модельді вагоны сақталып қалған. Қазір қаланың орталық саябағында ескерткіш ретінде тұр.

Қ. Слямбек