Солтүстік Қазақстан облысында өрттен келетін шығын азаймай тұр

Солтүстік Қазақстан облысында өрттен келетін шығын азаймай тұр
Фото: Yernar Almabek

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 41 адам өрт салдарынан қаза тапқан.  30 адамды әр-түрлі дене жарақаттарымен күйік шалған. Былтыр өрт салдарынан келген шығын 116 миллион болса, биыл бұл көрсеткіш 220 миллионға өскен. Осыған байланысты өңірде "Солтүстік Қазақстан облысындағы өрттерге қатысты жедел жағдай" атты брифинг өтті.  Оған Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Полковник Орал Әбдірахманов пен Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы польковник Серік Наурызбаев  қатысып, журналистер сұрағына жауап берді.

"Былтырғы жағдаймен биылғы жағдайды салыстырсақ , өрт 9 пайызға, материалдық шығын екі есеге өскен. Ал, өрттен қайтыс болғандар саны өзгеріссіз қалған. Өрттің шығуына ең бірінші себеп үйлерге электір тогын жүргізгенде өрт қауіпсіздігін ескермеуі, екіншіден жылыту жүйесіндегі өрт қауіпсіздігін ескермеу үшіншіден, тұрғындардың өрт қауіпсіздігін алдын алмауы", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Полковник Орал Әбдірахманов.

Өткен айдың соңғы күні қала орталығында екі қабатты тұрғын-үй өртенген. Зардап шеккендер жоқ.

"31 қазан 12:08 минутта Әуезов көшесіндегі екі қабатты үйдің өртенуіне байланысты көптеген қоңыраулар түскен. Аталмыш мекен жай бойынша 3 өрт сөндіру көлігі жіберілген. Өрт ауыздықталған. Мысалы, бүгінде Бескөл ауылында өрт шықты. Оған құрылыс салынып жатқан жердегі монша себеп болған. Өрт сөндірушілер жетемін дегенше екі газ балоны жарылған", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Брифинг барысында қыс маусымындағы өрттің алдын алу шаралары мәселесі сөз болды. Мысалы, былтыр 198 төтенше жағдай орын алған. Оның 115 жағдай қар үйіндісі, 24 жолдағы апаты, 5 жолдағы тайғақ, 8 құтқару-іздестіру шаралары, 6 алғашқы медициналық жедел жәрдем болған.

"Осы жылы облыстық профилактикалық жұмыс жоспары ішінде алдын алу жұмыстарының аймақтық жоспары әзірленді. Жергілікті әкімдікпен бірігіп төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 1150 техника дайындалды. Оның ішінде 621 қар тазалайтын көлік, эвакуацилық техника – 120 автобус және 105 тонна азық-түлік, 80 тонна жанар-жағармай материалдары", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы польковник Серік Наурызбаев.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желілерде қауіптің алдын алу туралы үндеу жүргізіп келеді. Мамандар облыстағы тұрғындардан өрт қауіпсіздігін алдын алу ережесін сақтауды сұрады.

Смартфонға келетін ауа райы қолайсыздығын ескертетін смс-терді оқу қажет екенін ескертеді. жолға шығарда машинада байланыс құралы болғанын, қосымша тамақ қоры, су және жылы киімдер алып алған дұрыс дейді.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне шұғыл түрде хабарласып, нақты мекенжайды айтып,  ғимаратта адамдар болса оларды шығару керек. Егер айналада адамдар болса оларды хабардар ету қажет. Ток көзіне қосылған барлық техникаларды, газды өшіру қажет. Егер жағдай ушығып жатса ТЖМ өкілдері өрт болған жерден алыстауды ұсынады.

Мүмкін болса, барлық терезелерді, есікті жабуды ұмытпаңыз. Бұл оттегі ағынын бәсеңдетеді және өрттің тым тез таралуына жол бермейді.

А. Оралқызы