Жауын-шашын, көктайғақ: Алдағы 3 күнде ауа-райы қандай болады?

Жауын-шашын, көктайғақ: Алдағы 3 күнде ауа-райы қандай болады?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Синоптиктер 26-28 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын күтіледі. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман болады", - делінген хабарламада.

Батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-15 градус жылы болады.

Солтүстікте түнде ауа температурасы +7 градустан -7 градусқа дейін төмендейді , күндіз 0 градустан 15 градусқа дейін өзгереді.

Қазақстанның орталығында түнде ауа температурасы +5 градустан -7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2 градустан 16 градусқа дейін жылынады.

Шығыста түнде -3 градустан +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0 градустан 18 градусқа дейін жылы болады.

Оңтүстікте түнде -1 градустан +7 градусқа дейін, күндіз 8 градустан 22 градусқа дейін аздап төмендейді.

Оңтүстік-шығыста түнде -1 градустан +7 градусқа дейін, күндіз 7 градустан 15 градусқа дейін жылынады.

Т. Раушанұлы