- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Әскери қызметшілер жалақысы...
Әскери қызметшілер жалақысы 60 пайызға өседі – Тоқаев
Президент-Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда әскери қызметшілердің жалақысы орташа есеппен 60%-ға өсетінін айтты.
Бұл туралы ол Маңғыстау облысындағы Оймаш полигонындағы "Отпантау-2021" әскери жаттығуларына барған кезде айтты.
Еліміздегі мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі
"Ақшалай жәрдемақы біртіндеп өсіп келе жатыр. Биылдан бастап ресми жалақы 35 пайызға өсті. Алдағы екі жылда жалақы орта есеппен 60 пайызға өседі. Әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін баспана мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда, қазақстандық әскердің әлеуметтік пакеті бәсекеге қабілетті. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау әрқашан мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болады. Қуатты армия – тәуелсіз елдің кепілі", - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өсті. Енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алады.
Т. Раушанұлы