Еліміздегі мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі

Еліміздегі мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі

Қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 2022 жылдың қаңтарынан бастап 25 пайызға көтеріледі, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

 "2022 жылдың қаңтарында балабақшалар, мектептер мен колледждер мұғалімдерінің жалақысы тағы 25%-ға өседі. Ал 2021 жылдың қыркүйегінен мұғалімдерді қабылдау жүйесі өзгереді.  Бұл жөнінде көптеген пікірталас болды. Соңында шешім қабылданды, жақында министрдің бұйрығына қол қойылды", - деді Аймағамбетов жыл сайынғы тамыз конференциясында.

Бұрын мұғалімдерді директор тағайындайтын. Жаңа ережеге сәйкес, мұғалімдер конкурстан электронды форматта өтеді.

"Нақты өлшенетін көрсеткіштер, критерийлер бар және осы көрсеткіштер мен критерийлерге сәйкес мектеп пен комиссия мұғалімдерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайды", - деді министр.

 

Сонымен қатар, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарының директорын тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл балалар үйлеріне, мектептерге, колледждерге қатысты.

"Жақында бұл туралы көптеген сұрақтар туындады. Бізде бірқатар ұйымдардың басшылары бір жерде 25-30 жыл жұмыс істеген кезі бар. Бұндай кезде тиімділік әрқашан жоғары бола бермейді", - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін ол мектеп директорларына оқу жүктемесіне сәйкес жалақы төленетінін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы төрт жыл ішінде қазақстандық мұғалімдердің жалақысын екі есе көтеруді тапсырған болатын.