Екі жақты бригада-тактикалық жаттығуы "Мәтібұлақ" полигонында өтті

Екі жақты бригада-тактикалық жаттығуы "Мәтібұлақ" полигонында өтті

Елімізде жауынгердің дайындығына,  олардың далалық жағдайдағы жаттығу деңгейін жоғарылатуға, ұрыс қимыл­дарын жүргізу әдістерін жетілдіруге барынша мән беріліп жатыр.  Осыған орай екі жақты бригада-тактикалық жаттығуы "Мәтібұлақ" полигонында өтті.

Жаттығу кезінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов атыс маневрлерін қадағалады.

Әскерлерді тосыннан тексеру шеңберінде екі жақты бригада-тактикалық жаттығулар өткізілді. "Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдері мен десанттық-шабуылдау күштері ескертіліп, Шымкент пен Сарыөзектен Жамбыл облысының Гвардиялық гарнизонына ауыстырылды.

Маневрлердің ерекшелігі – бірінші рет бір-біріне қарсы ұрыс қимылдары іс-әрекеттің жоспарланбаған сипатымен шартты түрде тағайындалмаған қарсыластармен жүзеге асырылды.

Екі жақты форматта жаттығулар өткізу командирлерді қабылданған шешімдердің орындылығы мен серпінді, тез өзгеретін ортадағы бөлімшелерді басқару қабілетіне, ал жеке құрамды – іс-қимылдардың келісімділігі мен тиімділігіне қарай бағалауға мүмкіндік берді.

Екі жақ та жаудың орналасуын ескеріп, ұрыс қимылдарын жоспарлап, тактикалық камуфляж шараларын жүргізді, позициялар мен командалық пункттердің орналасуын өзгертті. Барлау бөлімдерінің іс-әрекеттеріне, қарсылас пен жер бедеріне барлау жүргізген ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептеріне маңызды рөл жүктелді. Тактикалық іс-шаралар күндіз де, түнде де үздіксіз жүргізілді.

Белсенді кезеңде "Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығының бөлімдері шабуылда, ал десанттық-шабуылдау күштері қорғаныста болды.

"Далада, күресуге барынша жақын ортада, қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарда әлемнің жетекші армияларының тәжірибесін ескере отырып, іс-қимылдың жаңа формалары мен әдістерін, тактикасын апробациялау өтті. ПВО есептеулері, әуе қорғаныс құралдары, электронды соғыс және олардың артиллериямен, десанттық шабуылмен, мотоатқыштармен және танк бөлімшелерімен өзара әрекеттесуі кеңінен қолданылынды", - дейді Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов.

Екіжақты бригада-тактикалық жаттығуларға қатысушылардың жалпы саны 3000-ға жуық әскери қызметшілер болды, 500-ден астам қару-жарақ пен әскери техника тартылды.

Айта кетейік, Қазақстан Республигасындағы ұрыс қимылдарын өткізугке арналған "Мәтібұлақ" палигоны ТМД елдерінің арасындағы ең ірі полигон. Оның көлемі 160 мың гектар. Полигонның үлкен аумағы артиллерия мен авиацияны қатыстыра отырып, кең көлемдегі тактикалық жаттығуларды өткізуге толық мүмкіндік береді.

Т. Раушанұлы