Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?

Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Фото: massaget.kz

Дамыған қалалар рейтингін Лондон, Нью-Йорк, Париж, Токио, Рейкьявик және Копенгаген қалалары бастап тұр. Бұл жайында IESE бизнес-мектебінің Cities in Motion Index (CIMI) есебінде жарияланды.

Әлемдегі дамыған қалалар рейтингі адамдық капитал, әлеуметтік ауызбіршілік, экономикалық ахуал, экологиялық жағдай, қаланы басқару, абаттандыру, халықаралық ашықтық, технологияның дамуы, транспорт инфрақұрылымы және басқа да өлшемдер бойынша түзілген.

Рейтингке Алматы қаласы да енген. 128-орында тұр. Стамбул, Баку, Анкара, Рио-де-Жанейро қалаларынан жоғары орналасқан.

Рейтингте артта қалған қалалар тізімінде Каракас (Венесуэла), Карачи, Лахор (Пәкістан), Лагос (Нигерия), Дуала (Камерун), Колката (Калькутта, Үндістан), Каир (Египет), Эр-Рияд (Сауд Арабиясы), Рабат (Марокко) және Манила (Филиппины) қалалары тұр.

Н. Үсенова