Алтынемел. Айғай құм

Алтынемел. Айғай құм
Фото: yandex.kz

Балқаш алабында жатқан Алтынемел ұлттық саябағы – Қазақстанның көрікті мекендерінің бірі. 1800-ден астам өсімдік түрі, 56 жануар түрі мекендейді. Олардың кейбірі Қызық кітапқа енген.

Ал Алтынемелде жатқан Әнші құм немесе Айғай құм әлемдегі ең ерекше мекендердің бірі саналады. Табиғаттың нағыз сыйы, кереметі десек болады.

Әнші құм әлемнің біраз жерінде, шөл аймақтың көбінде бар, алайда Алтынемелдегі Айғай құмға жетері жоқ. Өйткені 3 шақырымға созылып жатқан Айғай құм – әлемдегі ең дауысы қатты әнші құм саналады.

Әнші құмның сыры көпке дейін беймәлім болып келді. Басында құм ішіндегі ауа қозғалған сәтте сыртқы шығып, ән салады деп болжам жасалды. Алайда бұл тұжырымға сенсек, әлемдегі құмды жерлердің бәрі жел соққан кезде ән салуы тиіс. Ондай жер жоқ. Сондықтан бұған сенушілер аз болды.

Кейінгі зерттеулер құмның ерекше қасиеті болғанда ғана дыбыс шығаратыны белгілі болды. Яғни, таза, кварцтай жып-жылтыр, біртекті, электрлену қабілетіне ие құм ғана «ән салатын» көрінеді. Жел соққан кезде құм электр қуатына айналып, күңіренген дауыс шығарады. Мұндай құбылыс әлемде өте сирек. Айғай құмның ерекшелігі де осында. 

Жоңғар Алатауынан соққан жел Іле жағасындағы кварц құмның бәрін бір жерге жиып, құмды төбе жасаған. Желдің қуаты осы жерге дейін ғана жетеді. Егер бұдан қуатты болған кезде, құмды төбені одан әрі апарып тастайтын еді.

Қ. Слямбек