Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыста күн райы қандай болмақ? Қазгидромет 27-29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Жақын күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр болады. Елдің батысында, солтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.

Республиканың қалған аумағында, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығуына байланысты ауа температурасы жоғарылап, қатты ыстық болады. Қазақстан бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.