Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Елордада бой көтеретін Дүниежүзілік сауда орталығы қандай болады?

Елордада бой көтеретін Дүниежүзілік сауда орталығы қандай болады?

Елордада бой көтеретін Дүниежүзілік сауда орталығы қандай болады?

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласын салу рәсімі өтті. Осы орайда "Елорда Инфо" бас қалада бой көтеретін жаңа нысанға қатысты мәліметтерді ұсынады. 

Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараты ЭКСПО қалашығының маңында бой көтереді. Оның биіктігі 150 метрге жуықтайды, ал аумағы 2 гектар шамасында болады деп жоспарланған.  Жобаның құны 200 миллион долларды құрайды. Нысанның сәулетші-дизайнері Кеннэт Брюс Джеймс Андерсон. Зәулім кешен келешекте қала тұрғындары мен шетелдік туристердің сүйікті орнына айналары анық.

Нью-Йорк, Амстердам, Токио, Сеул мен Дубай сынды қалаларда World Trade Center ғимаратының әлемдік желілері бар. Енді бұл қалалардың қатарына Нұр-Сұлтан да қосылады.

Бүкіләлемдік сауда орталықтары қауымдастығы - халықаралық, саяси емес ұйым және халықаралық сауда мен инвестицияларды дамытуға ықпал ететін жаһандық брендтердің бірі. WTCA штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан.

Дүниежүзілік сауда орталығы жобасын Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығы мен «Nest Investments Holdings» компаниясы ұсынған. Нысан толықтай шетел инвестициясы есебінен қаржыландырылады. Инвестор – «Nest Investments Holdings» компаниясы.

Биылғы жылдың қаңтар айында Елбасына Дүниежүзілік сауда орталығы жобасы таныстырылған болатын.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: tengrinews
Қосылған күні: 18 мамыр, 15:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.