Қазақ шопандары сиыр бағуды АҚШ-тан үйренетін болды

Қазақстандық шопандарды мал бағуға американдық мамандар үйрететін болды, деп хабарлайды ҚазТАГ Associated Press агенттігіне сілтеме беріп.

Солтүстік Докота атқарушы директоры Дин Гордердың айтуы бойынша, Солтүстік Дакотаның сиырлары Қазақстанның суық климатына төзе алады, ал оларды бағу әзірге қазақ шопандарының қолынан келер емес. Сол үшін де біздің ел АҚШ-тың мамандарына жүгінген. Ал тіпті кейбір шопандарымыз білімді АҚШ-қа барып оқитын болды.

Белгілі болғандай, 12 қазақстандық шопан Солтүстік Дакотаға қараша айының орта бөлігінде барып, екі апталық мал бағу курсынан өтпек.

Гордер өз сөзінде еліміздің шенеуніктеріне малдың аш қалмауы керектігін айтып, ескертті. Сонымен қатар, біздің елдің климатына үйренгенімен, салмақ жинай алмайтындығы белгілі болып отыр. Ал АҚШ-та бұл қолдан келер іс көрінеді.
АҚШ-тың шөбі де пайдалы заттар құрамынан. Біздің елге жыл соңына дейін 3000 бас ірі қара тікұшақпен әкелінетін болды.

Қазақстан тек АҚШ-тан емес, Канада мен Аустралиядан да сиыр сатып алып жатыр. Сонда да, Global Beef Consultants LLC компаниясының иесі Дэн Прайс Қазақстан үшін ең қолайлысы АҚШ-тың сиырлары болмағын айтты. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Николай Кузнецов