Ертең Қазақстан аумағы жауын-шашынсыз болады

Ертең Қазақстан аумағы жауын-шашынсыз болады

Синоптиктердің айтуынша, ертең, яғни, 31 қазан күні Қазақстан аумағы жауын-шашынсыз болады.

Тек Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір бөліктерінде ғана екпінді жел тұрып (15-20 м/с), жаңбыр жаууы мүмкін. Алматы облысындағы Алакөл өзендерін аймағындағы желдің жылдамдығы 18-23 метр/секунд шамасына жетеді.

Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарына түнде және таңертең тұман түседі.

Астана қаласы жауын-шашынсыз болады. Күндізгі орташа температура 0-2 градус шамасында болады деп күтілуде. Алматы қаласында да ауа-райы ашық, температура бағамы 19-21 нөлден жоағары болады деп болжанып отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: forbes.com