Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Әл-Фарабиді бренд ретінде әлемге таныту қажет

Әл-Фарабиді бренд ретінде әлемге таныту қажет

Әл-Фарабиді бренд ретінде әлемге таныту қажет

2020 жылы ЮНЕСКО деңгейінде әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған орай, қазақстандық мамандар "әл-Фараби - екінші ұстаз" атты Қазақстан, Түркия мен Нидерланды мамандары бірлесіп түсірген деректі фильмді қазақ тіліне дубляждау мен оны ел аумағында көрсету құқығына ие болды. Аталмыш фильм кейіпкердің жан-жақты қырын ашып көрсетеді. 

Фарабитанушы ғалым, әл-Фараби орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаевтың айтуынша, телевизия мен кино саласы арқылы ұлы ойшылды еліміздегі қалың бұқараға насихаттау мақсатында "Қазақстан" телеарнасы мен ҚазҰУ арасындағы меморандум аясында аталған жобаны ұлттық арна эфирінен көрсету жолдары қарастырылып жатыр. 

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында ҚазҰУ, сондай-ақ университет жанындағы телерадиокешені мен "әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығы қазақ және шетел фарабитанушы ғалымдардың қатысуымен түсірілген деректі фильмді қазақ тіліне дубляждау жұмыстарын жүргізді. Осылайша әлемге танылған тұлғамызды халқымен қайта жүздестіруге ынталы екендігімізді білдірмекпіз", - деді Алтаев. Ғалымның айтуына қарағанда, 1150 жылдыққа дайындық қызу жүріп жатыр, көптеген еңбек қайта шығып та үлгерген. Ал бұл шараларды ұйымдастырудағы басты мақсат әл-Фарабиді бренд ретінде әлемге таныту болып отыр.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Қазақ газеті
Қосылған күні: 18 ақпан 2018, 09:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->