Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / "Эйр Астананың" жолаушылар ұшағы Дина Нұрпейісованың есімімен аталмақ

"Эйр Астананың" жолаушылар ұшағы Дина Нұрпейісованың есімімен аталмақ

"Эйр Астана" әуетасымалдаушысы Embraer 190 жаңа ұшағына қазақтың белгілі күйшісі Дина Нұрпейісованың есімін берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

"Эйр Астана" әуепаркіне 2012 жылдың қыркүйегінде келіп жеткен Embraer 190 осы типтегі бесінші ұшақ болып отыр. Ең алғашқысы 2011 жылдың наурыз айында пайда болды.

"Жаңа Embraer 190 әуелайнері бұл - осы типтегі кезекті ұшақтардың жай ғана бір түрі емес. Ол қазақтың ұлы композиторы, күйшісі Дина Нұрпейісованың есімін иемденіп отыр. Осылайша біз "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшақтарын Қазақстанның атақты әйелдері есімімен атау дәстүрін бастаймыз. Мысалы, Жеңіс күніне орай өз әуекөлігіміздің біреуін даңқты ұшқыш, батыр әйел Хиуаз Доспанова есімімен атауға шешім қабылдадық. Бұл ұшақ осы жылдың күз айының ортасына қарай Қазақстанға келмек",-дейді "Эйр Астана" әуекомпаниясының президеті Питер Фостер.

Embraer 190 әуелайнері 97 жолаушыға арналған, ол Астанадан Павлодар, Жезқазған, Омбы, Екатеринбург, Новосібір қалаларына қатынамақ. Алдағы уақытта Орынбор қаласына да қатынас орнату көзделген. Компания бұл әуелайнерлері өз иелігіндегі Fokker 50 атты шағын ұшақтарды алмастырады дейді. 

сурет: skyscrapercity.com

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

1224 1
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 27 қыркүйек 2012, 15:25
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2012, 20:50

біздің орыстілді жұртшылық "Дина Нұрпейісова" кім ол, не үшін деп өзі отырған ұшақтарына таң қалатын да шығар әлі!
Қазақтың "күй анасының" есімі ғарыш көкте қалықтап жүрмек. Қара домбыраның қасиеті біле-білгенді ұшпаққа да шығарады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...