Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Жыр алыбы Жамбыл атындағы рухани орда

Жыр алыбы Жамбыл атындағы рухани орда

Жыр алыбы Жамбыл атындағы рухани орда

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Адам баласының дәл осындай сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы саналатын қазынаның бірі –кітап десек, оның негізгі мекені – кітапхана.

"Кітапхана тірі болса – халық та тірі. Ол өлсе – біздің өткеніміз бен болашағымыз да өледі" – деген екен Д.Лихачев. Осы сөзді бағдарға ала отырып, әлемтану айдары Алматыдағы кітап иісі мүңкіп тұратын рухани орталыққа сапар шеккен болатын.

Біз қонақ болған қасиетті орда Фурманов көшесінің бойында орналасқан. Иә, сіз дәл таптыңыз! Ол - Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы.

Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы 1976 жылы құрылған.  Жыр алыбы Жамбылдың 150 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы №384 қаулысы бойынша кітапханаға Жамбыл аты беріледі. 

Кітапхана – Қазақстандағы жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін кітапханалардың әдістемелік, ақпараттық және үйлестіруші орталығы болып табылады.

Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының мақсаты – жастарды кітаппен қамтамасыз етудегі мәселелердің қазақстандық және әлемдік тәжірибесін талдау мен зерттеуге, ақпараттық мәдениетті қолдауға бағытталған.

Кітапханадағы кітап қоры өзінше бай және қолжетімді. Кітап қорында 250 мыңнан аса кітап пен 200-ге жуық мерзімді басылым бар. Жамбыл Жабаевтың шығармалары – 109 дана.

Жамбыл кітапханасы Светлана Бекмағанбетова, Ханзия Сәуенова, Нәсима Нұрахметова, Рахия Фазылова сынды еңбекқор кітапханашылардың арқасында көптеген жетістіктерге жетіп келеді.

Сондай-ақ кітаптар мекенінде үлкен оқу залы мен мерзімді басылымдардың, «Құқықтық білім» секторы, абономенттер бөлімі, ақапараттық-библиографиялық қызмет, әлем әдебиеттері мен тілдері орталығы, әдебиеттерді толықтыру мен өңдеу бөлімі, кітап сақтау, кітапхананы дамыту мен әдістемелік жұмыс, кітапхана жұмыстарын автоматтандыру бөлімі жұмыс істейді.

Өзге кітапханалардан ерекшелігі мұнда Американдық бұрыш ұйымдастырылған. Бұрыш 2012 жылдың он жетінші ақпанында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ашылған болатын.

Мұнда өтетін сабақтар таңғы сағат 9.00-ден, кешкі сағат 19.00-ге дейін тегін өткізіледі. Дәріске қатысушылар Америка мәдениетін меңгеріп, ағылшын тілін үйреніп немесе сөздік қорын толықтыра алады. Мұнда түрлі деректі фильмдер көрсетіліп, соңында ағылшынша талдаулар жүреді және интернет бөлімі тегін қызмет көрсетеді.

Кітапхана оқырмандарды кітаппен ғана қамтамасыз етіп қоймай, адам жанын рухани жағынан байытуда өз үлесін қосып келеді. «Шабыт», «Жасыл Қорғасын», «Әдеби қонақжай» сынды ұйымдар оқырмандардың қызығушылығы бойынша атақты ақын-жазушылармен, өнер, ғылым қайраткерлерімен және басқа да танымал тұлғалармен кездесулер өткізіп тұрады.

Оған қоса кітапхана ұжымы «Баспасөз апталығы» жобасы бойынша еліміздегі ең таңдаулы мерзімді басылымдардың ұжымдарымен жүздесулер ұйымдастырып, оқырмандар ризашылығына ие болған.

Кітапхана сенбі-жексенбі күндері де қызмет көрсетеді, келем деушілерге есік ашық!

Дайындаған және суреттерді түсірген: Айгерім Сматуллаева

4279 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қыркүйек 2012, 09:05
Пікірлер
+0
25 қыркүйек 2012, 10:58

керемет...рухани деңгейіміз айқындалып қалды-ау

+0
25 қыркүйек 2012, 10:59

Шын айтайын ба?! Мен бұл кітапханаға тек мөр қою үшін бір-ақ рет барғанмын. Солай

+0
25 қыркүйек 2012, 11:17

Жұмыс күндері сабағыма дайындалып үлгере алмай қалсам, жексенбі күндері осында барамын, есесіне небір газет-журналдар оқып қайтамын

+0
25 қыркүйек 2012, 11:31

Кітапханаға бармағалы қай заман.... Ужыссс

+0
25 қыркүйек 2012, 11:35

Жақында ҚазҰУ қалашығында Орта Азиядағы ең үлкен кітапхана ашылмақ!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев