Үйде отырып Айғайқұмға қалай шығуға болады?

Фотограф Евгений Волковтың кезекті 3D туры Алтынемел ұлттық саябағындағы Айғайқұм құмды жотасына арналған екен. Табиғаттың осы бір ғажап құбылысын суретке түсіру үшін арнайы Астанадан келген Волковтың еңбегін бағалап, үйде отырып-ақ Айғайқұм төбесіне шыға аласыз. Тінтуірді ары-бері қозғап, нұсқауыштарды басып тұрсаңыз болғаны, сіз Үлкен және Кіші Қалқан тауларының ортасынан табыласыз. Ендеше, 3D турға назар салыңыз!