Ақтөбеден ежелгі алыптардың бейіті табылды

Ақтөбеден ежелгі алыптардың бейіті табылды
Фото: megapolis.kz

Ақтөбедегі Құмсай археологиялық ескерткіші аймағынан 2 метрлік алып адамдардың мазары табылды. Бұл туралы "Мегаполис" хабарлады.

Ақтөбе облысы мәдениет басқармасының тарих, археология және этнография басқармасының ғылыми қызметкері Талғат Мамыровтың айтуынша, бұл аймақта 160-тан астам қорған болса, соның ең ерекшесі Құмсай бейіті. Профессордың айтуынша, бұл бейітке бүкіл Еуразияда аналог жоқ екен.

Ғалым сонымен қатар: "Бұл ескерткіштің жасы шамамен 4290 жыл. Жерленген адам шұңқырлар мәдениетінің өкілі. Аталған мәдениет тас дәуірі мен қола дәуірінің арасында пайда болған. Ал бұл адамдар қазіргі Ақтөбе аймағына Кавказдан көшіп келген. Бұл қорытындыны ер кісінің жерлену түріне қарап шағыруға болады", - деп сұхбат берді.

"Бір қорғанда шамамен 16-17 адам жерленген. Бұл санды 160-қа көбейтсек, бұл аймақта мыңдаған адамның жерленгендігін біле аламыз. Демек Ойылдың маңында аса үлкен елді мекен болған деп айтуға болады", - деп сөзін нықтай түсті Мамыров.

Дегенмен, археологтың айтуынша, бұл жерде жерленгендердің барлығы да аса биік деп айтуға болмайды. Бірақ адамдардың барлығы дерлік ірі, салмақты болғандығын айта кету керек. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram парақшамызға жазылыңыз!