Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Әкем айтқан алты ақыл
Әкем айтқан алты ақыл

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алтай шыңын бағындарған джипперлер

Алтай шыңын бағындарған джипперлер

Алтай шыңын бағындарған джипперлер

Жазда кім де кім болмасын өз жұмысын, оқуын немесе басқа да жеке шаруаларын тастап, қоғамдық ортадан аулақ кетіп, табиғат құшағында болуды армандайтыны рас.

Дегенмен, біреулер тек армандаумен ғана шектелсе, енді біреулер армандарын шынайы іске асыруда. Бостандықты көксейтін бұл адамдар темір тұлпарларымен тағы да сапарға аттанды.

Бұл жолы 15 көліктен тұратын джипперлер командасы таңертең орталық лагерьден Алтай тауындағы су қоймасына бет алған еді.

Демалыс лагерінен 100 шақырым қашықтықта орналасқан Малоульбинкое су қоймасына жетемін дегенше джипперлер  бірнеше қиындықтарға кезікті. Жүргізушілер жол бойындағы долы өзендерден өтті. Дегенмен бұл қиындықтардың барлығын джипперлер өздерінің тәжрибесі және шеберліктерінің арқасында артта қалдыра алды.

Табиғат ананың қолайсыздығына қарамастан су қойманы бетке алған саяхатшылардың барлығы дерлік діттеген жерлеріне аман-есен жетті. 

"Саяхаттың соңғы кезеңінен керемет әсер алдық. Джипперлердің есінде Алтай тауынан қалатанын естеліктердің де мол болатынына сенемін. Біз мұнда көптеген жаңа достар, таныстар таптық және де ештеңемен теңдессіз адреналин біздің жадымызда мәңгі сақталып қалмақ" - дейді фестиваль қатысушылары.

Күн сонымен қатар қысқа дистанциялы «джип спринт» автокөлік жарысымен жалғасты. Алайда ауа-райының шуақты болуына қарамастан, әуесқой жүргізушілерді әлі де батпақты жолдардың күтіп тұрғаны айдан анық еді. Дегенмен, жиырма жуық джип қатысқан бұл жарыста семейлік авто жүргізуші ең үздік атанды.

Айта кетсек, шілде айының жетінші жұлдызында басталған және Қазақ жерінде алғаш өтіп отырған Алтай.кз 2012 халықаралық джип фестивалі 13 шілде – сенбі күні аяқталады. Аталған күні фестиваль қатысушылары лагерь аймағында сенбілік өткізетін болады. 

Фестивальден арнайы Massaget.kz үшін: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: Ғани Тұрғынбеков

450 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 13 шілде 2012, 18:17
Пікірлер
+0
13 шілде 2012, 18:14

сұмдық фестиваль болған сияқты ғой

+0
13 шілде 2012, 18:30

ия сұмдық болды :lol: :lol: :lol:

+0
13 шілде 2012, 18:40

саған сол керек...сиырларды суретке түсіріп

+0
13 шілде 2012, 18:41

Сиырларды ұнатпайсың ба? :lol:

+0
13 шілде 2012, 19:11

машинаның алдына келіп тұрған сиырды жек көрем. Адам жүрмейтін жерден сиырды қайдан тауып алғансын. оның үстіне өзің сияқты арық екен :lol: :lol: :lol:

+0
13 шілде 2012, 19:12

мен сені үндістер сияқты сиырларды пір тұтама десем, ауылда жүріп әбден сиырға тойған екенсің ғой иа

+0
13 шілде 2012, 18:22

ия, сұмдық болған секілді :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...