АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Астанаға келді

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Астанаға келді

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы жаңа елшісі Джордж Крол бүгін Астанаға келді, деп жазады АҚШ елшілігінің ресми сайты. Айта кетсек, елші Джордж Крол 2015 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының елшісі ретінде ант берген болатын.  

Қазақстанға елші болып тағайындалғанға дейін ол үш жарым жыл бойы Өзбекстандағы Америка Құрама Штаттарының елшісі болып қызмет еткен. Елші Крол дипломатиялық қызметтің жоғарғы буынындағы кеңесші-уәкіл дәрежесіндегі кадрлық дипломат болып табылады. Таяу уақытқа дейін ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бюросында АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары міндетін атқарды.  

Джордж Крол 1982 жылы дипломатиялық қызметке қабылданып, 2003-2006 жылдар аралығында Беларусьтегі Америка Құрама Штаттарының елшісі міндетін атқарған. Варшава, Нью-Дели, Санкт-Петербург, Мәскеу, Киев және Минск қалаларындағы АҚШ елшіліктерінде, оған қоса АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ресей істері бюросының директоры және айрықша тапсырмалар жөніндегі елшінің  жаңа тәуелсіз мемлекеттер бойынша арнайы көмекшісі болып қызмет еткен. Сондай-ақ, Джордж Крол мырза Ұлттық әскери колледжде сабақ беріп, АҚШ мемлекеттік департаментінің ең жоғары басшы құрамына арналған семинарға қатысқан. Елші Крол ерен еңбегі үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің бірнеше жоғары құрмет-марапатына ие болған. Джордж Крол Гарвард университеті мен Ұлыбританияның Оксфорд университетін бітірген.

Сурет: www.facebook.com

Оқи отырыңыз:

Ең жоғарғы жалақыны Қазақстанда кімдер алады?

Таразда «Қазақ хандығының құрылу тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

12 жыл білім беру жүйесі тоқтатылды

Елбасы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты Жарлыққа қол қойды

Ж. Өрісбай