Елбасы еліміздің бас шыршасын жақты

Елбасы еліміздің бас шыршасын жақты

Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Елордамызда жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, ел-жұртын Тұңғыш Президент күнімен және келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасай отырып. 

Елбасы салтанатты шараға қатысқан бүлдіршіндерге, барша келешек ұрпаққа арнап, тілегін айтты. «Құрметті бүлдіршіндер! Бақытты болыңыздар! Алдағы Жаңа Жылда армандарыңыз орындалып, мақсаттарыңызға жетіңіздер! Біздің ұрпақтарымыз тәуелсіз Қазақстанды құрады, бәрі Сіздердің өркендеулеріңіз үшін, білімді, салауатты ұрпақ үшін жасалып жатыр. Сіздердің ата-аналарыңыз жақсы табыс табу үшін түрлі жұмыс орындары ашылып, кәсіпорындар мен индустриалды бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Барлығы сіздер бақытты болу үшін істелініп жатқан жұмыстар. Сіздер – бақытты ұрпақсыздар, бақытты балаларсыздар, өйткені, әлемнің мәртебелі елінде – тәуелсіз Қазақстанда туып, өсіп келе жатсыздар»,- деп баса айтты Президент. 

Елбасымен бірге халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Мұхамедали Жүгінісов пен Дания Ишанкулова «Бақыт құсы» атты аңа жылдық шыршаны жақты. Еліміздің басты жаңа жылдық шыршасының биіктігі 25 метр, ол "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры алдында құрылған. Шыршаны безендіруге жеті мың метрден астам жылтырақ, екі мыңнан астам шырша шарлары, төрт мыңнан астам түсті диодты, аязға төзімді және су өткізбейтін ұсақ шамдар және тағы да басқа бұйымдар ілінген.

Бүгінгі шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, елдің бас шыршасымен бір уақытта Қазақстанның барлық аймақтарындағы шыршалар жанған. Және де Астанада шағын және орта бизнес кәсіпкерліктеріне Жаңа Жылға байланысты ұсыныс хаттар жолданып, безендіру жұмыстары жүргізілген. 

Сурет: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы