Қыс мезгілінің тамаша топтамасы

Қыс мезгілінің тамаша топтамасы

Назарларыңызға қыс суреттерінің топтамасын ұсынамыз:

Мына суретке қарап, жаңа жыл мерекесінің жақындап қалғанын сезінеді екенсің. Әсіресе, шыршалар, қалың қар мен суреттің суық түстерде жасалғаны соған негіз болады.

Мына қарға аяқ бассаңыз, бойыңызға жетіп қалар-ау, қалай ойлайсыз?

Мына жардың бойына қатқан мұз қоңыр түспен керемет үйлесімін тауып тұрғаны сөзсіз.

Кұдды бір тәжірибелі суретшінің туындысы секілді мына суретке қарай бергің келеді...

Енді қалаға келсек, шамамен орталықта түсірілген бұл сурет күннің батуына жақындаған мезгілде түсірілген секілді. Қаланың қыстық көрінісі деп санауға әбден лайық сурет деуге болады.

Топтаманы жабатын бұл суреттен күш-қуат сезіледі. Қыста аң аулауға шығатын саятшылардың серігі, көмекшісі − бүркіт. Бұл суретте оның барлық сұлулығы, күштілігі бейнеленген.

Сурет: vk.com 

Ф. Абилова