"Ұлытау" экспедициясы: Елеусіз қалған ел жауһары – Ақжар таулары

Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған "Ұлытау" экспедициясы Ұлытау өңіріне шолуын жалғастырады. Тамды өзенінің бойымен Қостанай облысына қарай түскенде табиғаттың айрықша сұлу мекені бар. Оны адам жиі аяқ баса бермейтін аңғар деуге де болады.


«Туристік компанияларды тартуға қол жетсе, жоспарлы жүрістің тағы бір өнімді нысаны табылғанын нық сеніммен айта аламыз», - дейді экспедиция жетекшісі, Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамының ғылыми жобалар бойынша аға менеджері Сәулет Сәкенов.


Расында мына бір табиғаттың керемет тау сілемдері саз топырақ пен гипстің түрлі минералдарымен араласып, осындай ақ және қызыл түстерге боялып тұр. Австралиядағы Улуру төбешігіне өте ұқсас, бірақ құрылымы өзгеше тау жотасы адамның салмағынан төселіп кетіп жатыр. Дегенмен, осынша жылдан бері қар мен жаңбырдың суына төтеп беріп келеді.

Экспедицияның туристік құрамы Ақжар тауларының Тамды өзенінің бойындағы тасқа салынған суреттер мен Ерден және Дүзен есімді тарихи тұлғалардың кесенесіне жақын жатқанын ескере отырып, Ақжар тауларын негізгі туристік нысан ретінде іріктеуге енгізді. Демек, Арғанаты көркем жеріне жету барысында туристер жол-жөнекей осы жерден өтпек. Сонымен қатар, табиғатты сақтау мақсатында осы жерге бейімделген көліктерді жалға беруге болатыны да айтылды.

Бұл өрістің жергілікті халыққа көмегі тиетін болса, онда мақсатымыздың орындалғаны.

Арнайы Massaget.kz үшін Ұлытаудан: Жолдас Өрісбаев

Сурет: ©massaget.kz

Оқи отырыңыз:

«Ұлытау» археологиялық экспедициясы жолға шықты

«Ұлытау» экспедициясы жабылып қалған бұлақ көзін қайта ашты

«Ұлытау» экспедициясы Әулиетау шыңын бағындырды

«Ұлытау» экспедициясы жаңа туристік нысандарды іздеп жатыр