- Негізгі бет
- Қазақстаным
- «Алаш» партиясының құрылғанына...
«Алаш» партиясының құрылғанына 97 жыл
Бүгін І-ші Жалпықазақ съезінің өткеніне 97 жыл толып отыр. Қазақ тарихындағы аса елеулі оқиға 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен. Бұл съезде Әлихан Бөкейхан бастаған Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов сынды ұлт зиялыларының бастамасымен Қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясы құрылған.
Әлихан Бөкейхан: «Бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті. Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере-бере жүретін алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ!» деп көрсетіп, бюроның атынан депутаттыққа кандидат деген 43 адамның атын атап, халықтың талқысына ұсынады. Олардың арасында Ж.Ақбаев, А.Бірімжанов, Х.Досмұхамедов, Р.Мәрсеков сияқты белгілі қайраткерлерден бастап А.Кенжин, С.Сабатаев, М.Төлебаев сияқты саясатқа енді араласа бастаған жастар; Уақытша үкімет комиссарлары мен мұғалімдер, дәрігерлер мен шығармашылық интеллигенция өкілдері бар еді. Сонымен, тұңғыш жалпықазақ съезі 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өтіп, съезд жұмысына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан барлығы он төрт мәселе қойылып, олардың арасында мемлекет билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ облыстарындағы жер жағдайы, әскер құру, земство, әйел теңдігі және басқа мәселелер ортаға қойылған. Съезд қаулысы «Қазақтың» 1917 жылғы 31 шілде күнгі санында жарық көрген.
Алаш экспедициясының Омбы сапарында табылған Әлихан Бөкейханның бұрын-соңды еш жерде жарық көрмеген суреті
Тарихи құжаттың аты "Павлодарская тюрьма, 1908 год"("Павлодар түрмесі, 1908 жыл")
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: azattyq.org, alash-orda.kz
M. Auelkhan