"Зерде" смартфоны Қазақ елінен демеуші іздейді (аудиосұқбат)

"Зерде" смартфоны Қазақ елінен демеуші іздейді (аудиосұқбат)

"Зерде" тұңғыш қазақша смартфоны осы жылдың соңында Қазақстанда сатылымға шығады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Массагет порталына сұқбат берген "Зерде" смартфон жобасының жетекшісі Ақытбек Шеризатұлы аталған жобаны Қазақстан нарығына шығаруды ойға алып отырғанын және осы жобаға Қазақ елінен қолдаушы, демеуші азаматтар болса деген ниетте екенін жеткізді. А.Шеризатұлы қолдауды экономикалық жақтан іздемейді, ол терминдерді қазақы түсінікке сіңімді, жалпы қолданушыларға ыңғайлы етіп аудару ісіне және осы жұмысты сауатты атқара алатын филолог мамандар мен тіл жанашырларының көмегіне зәру екенін жеткізді.

Аудио нұсқа:

Сұқбаттасқан: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: Ақытбек Шеризатұлының жеке мұрағатынан

M. Auelkhan