«Эйр Астана» Азия-Тынық мұхит аймағының қауымдастығына қосылды

«Эйр Астана» Азия-Тынық мұхит аймағының қауымдастығына қосылды

«Эйр Астана» авиакомпаниясы Азия-Тынық мұхит аймағы қауымдастығының (AAPA) толық құқықты мүшесі болды. AAPA ұйымына кіру туралы келісімге жақында IATA акционерлерінің Дохадағы (Катар) жыл сайынғы жиналысында қол қойылды. Ұйымға мүшелік «Эйр Астана» компаниясына өзара тиімді түрде жетекші азиялық авиакомпаниялармен қауіпсіздік, сервис және маршруттық желіні жобалау саласында ең жақсы тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік береді.

Қауымдастықтың бас директоры Эндрю Хердмэн мырза: «Динамикалық және тез өсіп жатқан «Эйр Астана» авиакомпаниясын AAPA ұйымының толық құқықты мүшесі болуымен құттықтаймыз. Сондай-ақ, біз ол авиаиндустрияның жалпы мүдделерінде басқа аймақтық авиатасымалдаушыларды қолдауға және олармен ынтымақтасуға қатысты қабылдаған міндеттемесін бағалаймыз».

«Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер: «Біз өзін Азия және Тынық мұхит авиатасымалдаушыларының құрметті және беделді дауысы ретінде танытқан AAPA ұйымының толық құқықты қатысушысы болғанымызға қуаныштымыз. Шынында да, Қауымдастық азиялық авиакомпаниялар үшін маңызды бірқатар мәселелерге қатысты, соның ішінде, нарыққа қол жеткізуге, қауіпсіздікке және қоршаған ортаны қорғауға қатысты үкіметтермен және басқа мүдделі тараптармен қарым-қатынас жасауға тиімді дәнекер болып табылады. Бұл маңызды оқиға «Эйр Астана» АҚ дамуындағы тағы бір елеулі кезеңді білдіреді және біз Азия-Тынық мұхит авиациясының халықаралық деңгейдегі ұстанымын бірлесіп күшейту үшін ААPА ұйымының табысты жұмысына септесуге дайынбыз», - дейді.

ААРА — штаб-пәтері Куала-Лумпурда орналасқан, тұрақты рейстерді жүзеге асыратын Халықаралық авиакомпаниялардың қауымдастығы. Негізгі міндет Азия-Тынық мұхитының авиаөнеркәсібін қызықтыратын әртүрлі мәселелер бойынша пікірлерді тұжырымдауға арналған жалпы алаңды ұйымдастырудан, басқа мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастыққа септесуден және экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың негізгі факторы болып табылатын туризм мен авиатасымалдаулардың дамуын қолдаудан тұрады.

AAPA Азия-Тынық мұхит аймағының тасымалдаушыларының пікірін жалпы білдіруші болып табылады және үкіметтермен, авиаөндірушілермен, әуежайлардың басқармасымен және салалық мәселелер жөніндегі басқа ұйымдармен жұмыс кезіндегі даму мәселелерін бірінші орынға қояды. AAPA саяси және заңнамалық процестерді мұқият бақылайды, билік органдарымен өзара әрекеттеседі, консультацияларды, сондай-ақ, мемлекеттік және осы саланың дамуымен байланысты басқа органдармен кездесулерді ұйымдастыруға септеседі.

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: hotaviasales.com

Қ. Бүйенбай