Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні құтты болсын!

Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні құтты болсын!

Массагет сайтының ұжымы барша қазақстандықтарды Қазақстан Халықтарының Бірлігі күнімен құттықтайды. Елімізде орнап тұрған береке мен ынтымақтың ғұмыры ұзақ болғай. Әрбір қазақстандықтың шаңырағындағы жақсылықтың оты ешқашан өшпесін.

Қазіргі заманда Қазақстан үшін ынтымақ пен тыныштықтың маңызы өте зор. Егер еліміз тыныш болып, ортақ отанымызды өмір сүріп жатқан халық бірлікте болып, қоян-қолтық жұмыс жасаса, бір-біріне мейірім төгіп жүрсе, әлбетте, еліміз экономикалық та, мәдени тұрғыда да дами түсіп, өркендейді. Сол себепті, бір-бірімізді тек жақсылыққа, бірлікке шақырайық!

1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні құтты болсын!

сурет: littleman.livejournal.com

Е. Қайрахан