Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Студенттің бір күні

Студенттің бір күні

Студенттің бір күні

Студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние. Мектеп бітіріп, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға ғана емес, өмірдің ақ пен қарасын ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекция тыңдап отырған уақыт, жоғарғы оқу орны қабырғасындағы бірінші бақылау емтихандары, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан сауыққа толы кештер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру - үлкен бақыт. Алайда, мәңгі студент болу ешкімнің де маңдайына жазылмаған. Сол бір күндер де өте шығады. Расында да студенттік кезеңді кез келген жан үлкен сағынышпен, ерекше көңіл - күймен еске алары анық.

Студенттік өмірдің бал шақтары туралы айтылатын сырларды бір жазбаға сыйдыру мүмкін емес. Бүгінгі мерекеге орай Массагеттіктер дәстүрге айналдырып келе жатқан «Студенттің бір күні» жобасын қайта түлетіп отырмыз. Бүгінгі жобамыздың бас кейіпкері еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орнының студенті, Сәкен Есенгелдиев студенттік шақтың бір күнін көз алдыңызға алып келе алады деген үміттеміз. Мәні мен мағынасы, сәні мен салтанаты мол кезеңнің кейіпкерлері - студенттердің әр күні жоспардағыдай бола бермейді. Бізбен бірге болыңыз!

Сәкен жатақханада кеш ұйықтайды. Оны таңертен ұялы сымтетіктің оятары селк те еткізбейді. Сондықтан ол жатар алдында бір жолдасына таңертең оятуын өтінеді.

Таңертең ерте сағат 10-да тұрғызуды өтінген Сәкенді досы Мұхтар оятуда...

Төсегін тез-тез жинады да, дене сергітіп, соңынан жуына бастады.

Жатақхана қабырғасында оның І курста "Жігіт Сұлтаны" финалына шыққан жарнамасы ілінген. Күнде соған бір қарап өтеді.

Оған жолда "алпыс апасы мен жетпіс жездесі" жолығып, аудиторияға кешігіп кірді. Бірақ аудиторияда ешкім жоқ екен.

Сәкен группалаластарын 312-ші аудиториядан тапты. Ал бұл қара шаңырақ Мұхтар Әуезов атындағы аудиторияда ақын Аманхан Әлімұлымен кездесу өтіп жатқан болатын.

Ұялы телефоны арқылы Интернет әлемінде не болып жатқанын іздей бастады. Көзіне сыныптасы болған Айгерімнің туған күні екені түсті. Құттықтап қоюды ұйғарды.

Кенет Сәкенді танитын кеш жүргізушілері кейіпкеріміздің ән айтуына қолқа салды. Ол қарсыласпастан сүйікті әнін шырқай жөнелді.

Ал ол ән шырқап жатқанда қыздар қауымы оны ұялы сымтетіктеріне түсіре бастады

Аманхан Әлімұлы қолтаңба беріп жатқанда, таңғы асын ішпеген кейіпкеріміз жүрек жалғап алуды жөн деп тапты.

Кештен шыға сала Айгерімді туған күнімен құттықтады.

Телефонмен құттықтап болған соң гүл сыйлауды ойлады. Содан соң досымен кездесуге асығып бара жатып қалтасында қанша күннен бері жүрген қағаз байқаусызда қолын ала бергенде түсіп қалды. Ал сол сәтте...

Сәкен досымен жолығып, қайта жатақханаға қайтты.

Ол келіп киім ауыстырып, кафетерийден тамақтанып алуды жөн санады

Ол бөлмеге қайта келіп, тынығып алып, кешірек не істейтінін ойлады. Ал сіз қандай іспен айналысады деп ойлайсыз?

Студенттер деген - өте жылдам халық. Аса шапшаң қимылдайды. Жарты сағатқа көз жазып қалып едім, Студенттер сарайының жанында гүл ұстап тұрған жерінен бір-ақ таптым. Е-е-е, Әйгерімді құттықтайын деп тұр екен ғой деп ойладым. Расында да солай болып шықты.

Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайындағы "Біз" театрында ойнайтын кейіпкеріміз сыныптасын қимай аздап тұрып қалды. Дегенмен алда театр сахнасындағы дайындық күтіп тұр. Бармауға болмайды. 

Театрдың кіші сахнасында дайындығын шыңдай түсті.

Дайындық сағат кешкі 21:00-ден аса аяқталды. Жатақханаға келіп достарымен тамақтанып, теледидар қарады.

Сөресіндегі кітаптарды көріп, ертеңгі сабаққа дайындалмағаны есіне түсті. Таныс қыздардан дәптер сұрап, жаза салуды ойлады. Солай істеді де.

Жатақханаға кештетіп келген Сәкеннің құлағы қызарып кетті. Ол кешке 1 сағатын әлеуметтік желілерге арнайды.

Сәкен ноутбугын құшақтаған қалпы ұйқыға кетті.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің бір күні жоғарыдағыдай өтті. Сіздің ше? Студент, сіз бір күніңізді қалай өткізесіз?

Суреттерді түсірген және дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Қосылған күні: 17 қараша 2013, 08:01
Пікірлер
+0
17 қараша 2013, 10:44

Сәкеннің бір күні ұнады,барлық жігіттер осылай өткізе ме

+0
20 қараша 2013, 14:15

Өкінішке орай олай емес)) көбі дәл осылай өткізсем деп армандайды бірақ түннен аман есен шықса... таңда ұйықдан тұра алса, орнынан тұра салып кел отырайық деп тағы біреу мазасын алып қалмаса әрине!

+0
17 қараша 2013, 11:01

Керемет екен бір күні :lol:

+0
17 қараша 2013, 11:52

Шытырманға толы екен өмірі. Өте қызық, іші пыспайтын шығар. Студенттің бір күні осылай өтуі керек қой! Теледидарларың бар мықтысыңдар ғой өздерің. Жарайсыңдар, әдемі шыққан! Кейіпкер сымбатты екен.

+0
17 қараша 2013, 12:08

Сәкеннің қасында бір күн жүргендей болдым)

+0
17 қараша 2013, 13:17

Мың күнге татитын бір күн ғой мынау! Студенттер қауымы мерекелеріңіз құтты болсын!

+0
17 қараша 2013, 15:23

Тууу, театрымды, кiшкентай ғана сахнамды сағындым

+0
17 қараша 2013, 21:07

Сәкен деген жігіттің сырбазы ғой))

+0
17 қараша 2013, 22:31

Дұрыс бір күнде бәрін де үлгеруге болады, "успешный студент во многом успевает" дегендей ғой.)

+0
18 қараша 2013, 09:48

Біздің Сәкенде уақытты зая кетірмей, өз пайдаларына жаратып жүрген жандар ғой. Аман болсын, арыс жігіттер!

+0
18 қараша 2013, 11:40

Талантты студент екен, қойылым, гитара, романтик екен...

+0
19 қараша 2013, 14:37

Күні қызықты өтті расында :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.