Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстандағы қала атаулары не білдіреді?

Қазақстандағы қала атаулары не білдіреді?

Қазақстандағы қала атаулары не білдіреді?

Жер-су аттарының шығу тарихы мен мағынасын білу әр адамға қызық. Әсіресе өз туған елді-мекендеріміздің атауларының шығу тарихын зерделеу, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімді күшейтпек. Қазақстан елді мекендерінің жер-су атаулары, яғни топонимдері халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Демек, белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін хабардар болып, ой түюге мүмкіндік береді. Бүгін біз Қазақстанның ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихын, мағынасын ашып беруге тырысамыз.

Алматы – алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етеді. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата Заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.

Астана - қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Шымкент - ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала", "шыммен қоршалған қала" - деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің "шым" және иранның "кент" - қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) "чиминь-чемень" яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған "кент" сөзінің жалғануымен, "жасыл (гүлденген) қала" деген мағынаны береді. 

Қарағанды атаудың мағынасы - «қараған қалың өскен жер». Қараған - өсімдік аты. Қараған сөзіне -ды қосымшасы жалғанған атау.

Ақтөбе - қала 1869 жылы Қарғалы мен Елек өзендерінің құятын сағасында төбенің етегінде салынғандықтан «ақ төбе» атауы шыққан.

Тараз (бұрынғы атауы Жамбыл) - Талас өзені бойындағы ежелгі қала, салынған уақыты V  ғасырдан бері емес. Тұғыш рет 568 жылы Византиялық елші Земархтың жазбаларында кездеседі. 1938-1997 жж. Жамбыл қаласы аталып, 1997 жылы ғана ежелгі тарихи «Тараз» аты қалпына келтірілді. Қытай жылнамаларындағы үйсін сөздерін талдаған синолог Я.Бичурин Чаян, Бури, Күңгел, Темірлік, Нарын, Долос, Талас, Қарқара, Ақсай деп келетін жер-су аттарын үйсін тіліне тән деп жазады. Атаудың мағынасы жайлы нақты пікір айту өте қиын. Алайда Тараз, Тархан, Тарғап, Дараты сияқты топонимдердің бірінші компоненттеріндегі –тар, -дар сөздері түбірлес әрі мәндес болуы мүмкін. Тараз атауы Талас дегеннен шықса керек. Осы күнге дейін нақты түсіндірмесі жоқ болып келеді. Ғалым Ғ.Ақпанбектің пікірнше: «Тарихи аты қайтарылған Тараз қаласы да аспан әлемімен байланысты. «Тараз сөзінің мәні әдеміліктің үлгісі» келеді. «Тараз қыз» - «тал бойлы талдырмаш қыз» (І. Кеңесбаев. «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі»,1977ж.494б.) Сол сияқты, «Тараз - «үлгі, жүйе» деген мағынада. Ғылым мен мәдениеті өркендеген көрікті қала. Қаланың үлгісі, әсемдік пен сұлулықтың эталоны деп танылған. (Бестік тағлымы //Ұлытау.-1998.-N I.)

Павлодар - Павлодар қаласы Ертіс әскери бөлімінің форпостыларының бірі ретінде 18 ғасырдың басында пайда болған ескі қала. 1861 жылы жергілікті көпестердің райы бойынша станица қала мәртебесіне айналып, оған нәресте князь Павелдің құрметіне Павлодар атауы берілген.

Өскемен – 1720 жылы М.И.Лихарев бастаған ресейлік экспедицияның келуімен Үлбі өзенінің Ертіске құйған жерінде атын «устье каменных гор» тіркесінен алған Усть-Каменогорская бекінісінің іргетасы қаланды. Жергілікті тұрғындар бекініс атын өз тіліне икемдеп «Өскемен» деп атап кетті.

Семей - Семипалат бекінісі мен кейін қала болып қалыптасқан Семипалатинск атауы ертеректе жоңғарлар мекендеген Доржінгіт (Цорджийнкийд) аумағында табылған жеті қалмақ будда ғибадатханасынан шыққан. Бұл ғибадатханалар жайлы орыс зерттеушілері 1616 жылдары жазған. 1660-1670 жылдары жоңғарлар мен қазақтардың соғыстары салдарынан ғибадатханалар қирап, Г.Ф.Миллер 1734 жылы ғибадатханалардың жартылай бүлінгені жайлы жазады. 2007 жылы қалаға ресми түрде Семей атауы беріледі. Семей - Семипалатинск сөзінің фонетикалық өзгеріске ұшыраған түрі.

Орал 15 ғасырдың аяғы 16 ғасырдың бас кезінде Жайық өзенінің бойына орыстар мекендей бастайды. 17 ғасырдың 1-жартысында Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынады. Ол 1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен “Уральск/Орал” атауына өзгертіледі. “Орал” – өзен атауы және оның қандай мағына беретіні жайлы бірнеше нұсқа бар. Соның бірі, ежелгі манси халқының тілінде  ор «тау», «су айрығы», «биік мекен», ала бір заттың үстіңгі жағы деген мағынада. Яғни, орала «тау шыңы» деген мағына берсе керек. Ал түркі нұсқасын жақтаушылар орал сөзін татар-башқұрт тіліне жатқызады: оралу, оралыу, оралмақ «орап алу», «орау», «айналу», яғни Орал «қоршау», «таулы белбеу» деген мағынада.

Қостанай – қала атауының шығуы жайлы түрлі аңыз-әңгімелер көп. Солардың бірі, Тобыл жағалауында Қос және Тана есімді егіз қыздың өмір сүргені жайлы айтылады. Бұл туралы жергілікті ақын А.Шаяхметтің 1996 жылы Қостанай қаласынан шыққан "Пирамида" деп аталатын кітабында жазылған. Яғни, қала атауы ақылына көркі сай қыздардың есімдеріне байланысты болса керек. Осыған орай, жуырда қаланың кіреберіс қақпасына аңызға арқау болған егіз қыздың мүсіні де орнатылған. Бірақ Ақылбек ақын өзінің 1997 жылы шыққан "Пирамида" атты кітабында былай деп жазған: "Қостанай ежелден қалыптасқан жер атауы. Алайда, осы Қостанай атының  қашан,  қалай қойылғаны туралы алып қашпа әңгіме көп те, жүйеге түсірілген зерттеу жоқтың қасы. Осыған орай, әсіресе, орыс тілінде сөйлейтін ағайындар, білместіктің кесірінен Қостанай атын орыстың "кусты", яғни бұта сөзімен де шатыстырады, немесе толып жатқан ақылға қонбайтын дәлелдер айтады. "Танай деген кісі болған екен, соның Тобыл жағасында жыртық қосы болған екен... Қостанай - Танайдың қосы деген сөз болу керек" деген аңыз да бар.

Ал тағы бір аңыз бойынша, белгілі жазушы Ақселеу Сейдімбеков өзінің "Күмбір-күмбір күмбездер" атты кітабының 1985 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрген орыс тіліндегі нұсқасында ("Поющие купола") Асан-қайғы есімін осы өңірмен байланыстыра қарайды. Торғайдың шығыс бөлігінде орналасқан Ұлытаудың басында Асан-атаның бәйбішесі Тана-әже жерленген. Оның басындағы ескерткішті халық Ақ-мешіт деп атайды. Автор Қостанай қаласының аталуын да осы Тана-әженің құрметіне қойылған Тана және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімімен байланыстырған.

Былтыр "Қостанай таңы" газетіне Қостанай облысы Лисаков  қаласының тұрғыны, еңбек ардагері, сексен бес жасар Наурызбаев Қапыш ағаның хаты шығады. Онда ол Қостанай атауының шығуын Танай есімді қыздармен байланыстырады:

"Құрметті оқырман қауым!

Мен осы газетіміздің "Большевиктік жол" кезінен бастап оқып келе жатқан оқырманының бірімін. Айтпағым, осы өзіміздің Қостанай аты туралы естігенім. Бес-он жыл болып қалған шығар, Қостанай аты бір ермек болып алды. Әркім өз ойынша сүбелеп болды.

...1939-40 жылдары менің бала кезімде біздің үйге Қамысты ауданының Жайылма, Тұмарлы (Ливановка) ауылдары жағынан Әбіштай, Әбдірайым деген екі  қарт  кісі  келді.  Әбдірайым біздің елге күйеу екен. Сол кісілермен біздің ауылдың үлкен кісілері әңгіме-дүкен  құрып отырғанда, осы Қостанай деген ат сонда да қозғалды. Сонда Әбіштай ақсақалдың айтқанын оқырман алдына тартпақпын. 

Әбіштай ақсақалдың айтуы: "Біздің қазақтың дау-дамайы біткен бе? Ертеректе бір жігітке елінде, ағайын арасында жер тимей еліне өкпелеп, "көз көрмес, құлақ естімес" жерге кетемін деп көшіп кетіп, осы Қостанай тұрған жерге келіп жалғыз үй қоныстаныпты. Ол кез бұл маңда ел болмаған екен дейді. Осы жерге қоныстанғаннан кейін бұл жігіттің 13 жасар қызы қайтыс болады. Аты Танай екен. Сол қызы осы жерге қойылады.

Қызы қайтқаннан кейін тағы бір қыз бала дүниеге келеді. Ата-анасы қуанып, Танайдың орнына Танай болды деп, бұл қызды да Танай атайды. Өкінішке қарай 2-3 жасында бұл қыз да қайтыс болып, апасының жанына жерленеді. Сонан соң қос Танайдың моласы атанады. Ақыры елді-мекеннің атына айналады".

Өзі естіген осынау деректерді келтіре отырып, мақала авторы Қостанай атына байланысты айтылып жүрген Қостан батыр, Қос тіні, Қос тана атауларының нақтылыққа келмейтіндігін былайша дәлелдейді. Қос тіні – тін деген жіпке, арқанға байланысты болса, Қос тана, Тана – сиыр баласы ғой. Қостан батырдың тарихта болғандығы ақиқат дегенмен, батырдың Қостанайда туып, атының Қостан қойылмағанына кім кепіл деген тұжырымдар жасайды. Және облыстық "Большевиктік жол" газетінде жауапты қызметте істеген немере ағасының беріп жіберген  1940 жылғы газеттің бір нөміріндегі Омар Шипиннің:

"Сарыарқа жері жазық,
                     ағаш шұбар,
Басында ағаштардың
                             үкісі бар.
Желпілдеп желді күні
                         жапырағы,
Болады тігілгендей
                     қызыл тулар.
Ән қосып ерте-кешті
               жер жаңғыртып,
Сайраған бұтағында
                 бұлбұл құстар.
Қостанай Тобыл өзен
                       жағасында,
Аты еді бір моланың
                        о басында.
Бір мыңда осы жерге
                          қала түсті,
Сегіз жүз сексен жылдың
                     шамасында.
Қостанай торы қыпшақ
                  баянтаңат

Туысы нәсілінің бәрі
                              осында"
деген ұзақ дастанын жаттап алған.

Жалпы қала атауының шығу тарихына қатысты нақты дәйектер жоқ.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы қала атаулары не білдіреді? – 2

Қазақстандағы қала атаулары не білдіреді? – 3

 

Сурет: kk.wikipedia.org, alau.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 07 қараша 2013, 20:36
Пікірлер
+0
07 қараша 2013, 20:35

кызылорда кайда :?:

+1
07 қараша 2013, 22:15

жалғасы бар деп тұр ғой

+0
07 қараша 2013, 20:52

атырау қайда дейін десем оның шығу тегін блем

+0
07 қараша 2013, 22:14

Оййй мен Атырауды іздеп отыр едімм :?

+0
07 қараша 2013, 22:37

ал сен атыраудансыңба :)

+0
08 қараша 2013, 14:35

аха, Атырауданмын ;)

+0
08 қараша 2013, 10:05

Анар, сізге көп рақмет! мына ақпарат талай адамның қажетіне жарайды деп сенемін!)

+0
08 қараша 2013, 10:18

Нағыз пайдалы ақпарат

+0
08 қараша 2013, 16:17

Оралға оралармын...

+0
11 қараша 2013, 15:50

Менің өзім туып өскен қалам ол Кентау. Кентау деген кенді тау деген маңынаны білдіреді. бір мысал ұлы отан соғысы кезінде тауымыздан (Ащысай зауыты) оқ шыққан жауға атылған 10 оқтын 9-ы осы Қазақстан иғни Кентаудан шыққан

+0
11 қараша 2013, 19:04

Мәліметіңізге рақмет! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.