Алматыда "Puppet Carnival-2013" қуыршақтар карнавалы басталды

Алматыда "Puppet Carnival-2013" қуыршақтар карнавалы басталды

15 қыркүйек күні Алматы күнінде "Puppet Carnival-2013" атты ІІІ Халықаралық қуыршақтар карнавалы басталады. Карнавалдың ашылуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында өтті. 

Қуыршақтар карнавалының ашылу салтанатында карнавалды костюмдер киген барлық келушілердің қатысуымен шеру өткізілді. Оның артынан балаларға арналған қуыршақтар қойылымы қойылды.

Әртүрлі костюмдер киген әртістер балаларға көңілді мереке шеңберін жасау үшін барын салды десек, артық айтқандық емес.

Халықаралық деңгейдегі оқиға әлемдік қуыршақ өнерінің жетістіктерін паш ететін болады. 2012 жылғы карнавалға 28-ден астам ел қатысқан болатын. Биылғы жылғы фестиваль 21 қыркүйек күні аяқталады деп жоспарлануда.

Көрермендер қойылымдарды Мемлекеттік Қуыршақ театрынан тамашалай алады. Биылғы жылы театр әлемнің 13 театрын қабылдайды. Оның ішінде Иран, Италия, Испания, Ресей, Тәжікстан, Румыния, Израиль сынды елдер бар.

Әділқазылар алқасының құрамында белгілі мәдениет қайраткерлері бар:

Мигель Аррече – Толоса қаласындағы  TITIRIJAI атты Халықаралық қуыршақтар фестивалінің негізін қалаушы және ұйымдастырушысы;

Ханс Хартвич-Мадсен  – Даниядағы UNIMA президенті;

Марек Журавский  – композитор, музыкант;

Станислав Дубков – Омск Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры;

Гаспаре Насуто – белгілі италиялық қуыршақшы, іс-шараның көшбасшысы.

Халықаралық қуыршақ карнавалының бағдарламасы мынадай:

15.09. Жексенбі.

Уақыты: 16.30 -18.00. Қуыршақтар карнавалының ашылуы.

Өткен орны: ҚР тұңғыш президентінің саябағы

Уақыты: 19.00. "Алдар Көсе" қойылымы.

Өткен орны: Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

16.09. Дүйсенбі.

Уақыты: 11:00. "Күн, Ай және Қораз"(Тәжікстан, Душанбе)

Өткен орны: Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал) 

12.00 – 15.00. (түсікі үзіліс)

Кәсіби мамандар мен қуыршақтар карнавалына қатысушыларға арналған мастер-класстар

Уақыты:  14.00- 16.00 

Мастер-класстардың өткізілетін орны: Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы, Мемлекеттік Қуыршақ Театры

Қуыршақтар карнавалына қатысушылардың қысқа көрсетілімдері – қойылымдар анонсы, стрит-бағдарлама

Уақыты: 18.30

"Қуыршақтар сиқыры" қойылымы (Румыния, Галати)

Уақыты: 19.00

Өтетін орны: Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

17.09. Сейсенбі.

"Сәлем, Ақ кеме, бұл мен!" қойылымы (Қазақстан, Петропавл)

Өтетін орны: Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

"Қуыршақтар метафизикасы" тақырыбындағы конференция

Уақыты: 12.00 – 14.00 

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, кіші зал

"Ортеке" – балалар көрсетілімі, Қуыршақ өнерінің халықаралық фестивалі аясында

Уақыты: 19.00

Өтетін орны: Мемлекеттік Қуыршақ театры, фойе

"Ортеке" қойылымы (Қазақстан, Талғар)

Уақыты: 17.00

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, кіші зал

"Пульчинелла" қойылымы (Италия, Наполи қаласы)

Уақыты: 19.00

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

18.09. Сәрсенбі.

"Қасқыр мен жеті лақ" қойылымы (Испания, Мурсия)

Уақыты: 11.00

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

Қуыршақтар карнавалына қатысушылардың шығармашылық кездесуі

Уақыты: 12.00-13.00 

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, кіші, зал

Кәсіби мамандарға және карнавал қатысушыларына арналған мастер-класс

Уақыты: 14.00-15.00 

Өтетін орны: Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы, Мемлекеттік Қуыршақ Театры

"Қаңбақ шал" қойылымы (Қазақстан, Шымкент)

Уақыты: 16.00

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

Стрит-бағдарлама

Уақыты: 17.00 – 18.30

Өтетін орны: Панфилов саябағы

"Қуыршақтар KZ" көрмесінің ашылуы

Уақыты: 17.30

Өтетін орны: Мемлекеттік Қуыршақ театры, фойе.

"Дерсу" қойылымы (Ресей, Бурятия республикасы)

"Ортеке" концерті. Қуыршақ Өнерінің Халықаралық фестивалі

Уақыты: 19.00

Өтетін орны: Ұлттық Музыкалық аспаптар мұражайы

19.09. Бейсенбі.

"Петя мен қасқыр" (Ресей, Челябинск)

Уақыты: 11.00

"Ұсқынсыз үйрек" қойылымы (Ресей, Санкт-Петербург-Дания)

Уақыты: 17.00

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, кіші зал

"Серенада" қойылымы (Иран)

Уақыты: 19.00

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

"Қуыршақтар KZ" көрмесі

Уақыты: 11.00-18.00 

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, фойе

20.09. Жұма.

"Аттың жалын кім өреді?" (Қазақстан, Ақтөбе)

Уақыты: 11.00

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

Карнавал қатысушыларымен бірге Алматыға саяхат жасау

Уақыты: 15.00 -18.00 

"Ең қысқа мен ең ұзын" (Израиль, Иерусалим)

Уақыты: 19.00

21.09. Сенбі.

"Алтын Балапан" (Қазақстан, Алматы)

Уақыты: 11.00

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

Қуыршақтар карнавалының жабылу салтанаты

Уақыты: 12.30

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, үлкен зал

22.09. Жексенбі.

Жеңімпаздарды мараппаттау, салтанатты кеш

Уақыты: 16.00 -17.30 

Өтетін орны:  Мемлекеттік Қуыршақ театры, фойе

Мемлекеттік Қуыршақ Театры өз көрермендерін асыға күтеді!

Дайындаған және суретке түсірген: Айгерім Сматуллаева