Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Шарын шатқалы

Шарын шатқалы

 Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі.

Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады. Шатқалдан ежелгі суретшілердің төл туындыларын көруге болады. Жабайы аңдардың бейнесі арқылы бұл аймақта палеолит дәуiрiндегі құс-жануарлардың мекендегенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, аңшылық пен саятшылық кәсіптердің болғаны нақты айқындалған.  

Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені Алатаудан бастау алып, Іле өзеніне құяр жолында Жалаңаш үстіртін кеседі. Шарын өзеніне кіші өзендер келіп құяды. Өзен ағысы секундына 10-12 шақырымға жетеді. Бұл ағыс рафтинг спортына жарамды. Өзеннің арнасының кеңдігі 35-40 метрге дейін жетеді.

Шарын шатқалының аумағына өзенмен бірге Шетен тоғайы енеді.  Тоғай негізі соғдиян шетенiнен (Fraxsinus potamophila) құралған. Әлем бойынша мұндай тоғалар екі жерде ғана бар. Бірі Қазақстанда Шетен тоғайы сақталса, бірі Солтүстік Америкада ғана сақталып қалған. 1964 жылы Шетен тоғайы табиғат ескерткіші деп жарияланды.

Шарын шатқалының табиғаты жануарлар мен өсімдіктерге бай. Бұл жақта ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25, сүтқоректердің 62 түрі мекендейді. Шатқалда өсетін 1500 өсімдіктің 17 түрі «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» енген.  

5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 14 желтоқсан 2011, 15:29
Тегтер: Шарын шатқалы,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.