Қазақстандықтардың жалақысы қанша?

Қазақстандықтардың жалақысы қанша?

Қазақстан Республикасы статистика агенттігі 2013 жылдың шілде айында қазақстандық бір жұмысшының орташа жалақысы 112 мың 792 теңгені құрады деп хабарлайды.

2012 жылдың шілдесімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,5 пайызға дейін өскен.

Нақты көрсеткіштерге көз жеткізгіңіз келсе, ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте белгіленген. Ол – 211,5 мың теңге. Әрмен қарай жалғастыратын болсақ, тау-кен және карьер өңдеу өнеркәсібінде – 208,5 мың теңге болса, қаржы және сақтандыру қызметінде – 198 мың теңге болып отыр.

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларында болып отыр. Айлық көлемі – 56,6 мың теңге, бұл еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 49,8% төмен. 

Аймақтар бойынша айтатын болсақ, ең жоғарғы жалақы Атырау облысында – 197,1 мың теңге, ең төменгісі Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 79,3 мың теңге болып көрсетілген.

Тағы бір айта кетерлігі, Астана қаласында тұрмыстық үй үшін төленетін қаржы тұрғындардың жалақысының 70%-ын алады. Ал астанамыздағы орташа айлық көлемі – 146,544 теңгені құрап отыр. Есесіне қаладағы пәтер үшін төленетін орташа жалгерлік мөлшерлеме – 167, 900 теңге.

 

 Суреттер:www.diapazon.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
Қазақстандағы оркестр түрлері
Қазақстандағы оркестр түрлері
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері