Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / 37 сарбаздың сүйегі табылды

37 сарбаздың сүйегі табылды

37 сарбаздың сүйегі табылды

"Боевое братство" қоры ұйымдастырған "Вахта Памяти Казахстан-2013" қазақстандық экспедициясы Ресейдің Псков облысы аумағынан 37 кеңес сарбазының мәйітін тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іздеу тобының мүшесі Әсет Жақсыбаевтың айтуынша, алғашқы екі күнде 9 сарбаздың денесі шығарылса, келесі күні 11 мәйіт табылған. Облыс батпақты аймақ болғандықтан, іздеу жұмыстары қиынға соғуда және ресейлік іздеушілер де қазақстандық экспедицияға көмек қолын созып отыр. Бүгін-ертең тағы да мәйіттердің табылып қалуы әбден мүмкін екен.

Әсет Жақсыбаев тағы бір сөзінде: "Бұл ауылда байланыс жүйелері жақсы ұстамайтындықтан топ мүшелері жаңалықтарды тілшілер қауымына дер кезінде жеткізе алмайды. Біз мұнда шатырлы лагерь құрып қойдық. Экспедиция мүшелері күн сайын таңғы сағат 7-де іздеу жұмыстарына аттанады да, өте кеш қайтады. Бұл жерден соғыстың иісі мүңкіп жатыр, күн сайын гранаталарды, оқ-дәрілерді тауып аламыз" - деді.

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың да денесі осы жерден табылуы мүмкін. Алайда, дәл қазір мәйіттердің кімге тиесілі екенін анықтау қиын. Осыдан біршама уақыт бұрын қазақстандық экспедицияның Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың денесін іздеу үшін Псков ауданына аттанғаны, қаһарман қызымыздың Ақтөбе қаласындағы мазары бос шыққандығы хабарланған болатын. Ә. Молдағұлованың отбасы үшін бұл жаңалық ауыр тиді. Оның әпкесі Әлия Үсенова Молдағұлованы Қазақстанға жерлегісі келетіндігін мәлімдеді.

Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген.  1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Экспедиция Қазақстанға тамыз айының жиырмасыншы жұлдызында оралатын болады. Айта кетейік, іссапарға 6 млн. қаражат бөлінді және келер жылы да іздеу жұмыстары жалғасатын болады. Ал ақпараттық қолдауды Alash Media Group компаниясы көрсетіп отыр.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: tengrinews.kz

1859 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 09 тамыз 2013, 12:50
Пікірлер
+0
09 тамыз 2013, 12:31

Бұрын атам Сталинградта қайтыс болған атамның мәйітіне бір барып құран оқытсам деген арманы болатын еді. Сол арманына жете алмай кетті. :( Біреулердің аталарының мәйіттері табылып, өз елінде жерленіп, жаны тыныштық тапса керемет болар еді расымен.

+0
09 тамыз 2013, 12:43

"Боевое братство" қоры игі іс жасап отыр

+0
09 тамыз 2013, 12:47

Меніңде атамның әкесі соғыстан оралмаған

+0
09 тамыз 2013, 14:02

апамды ылғи армандайды "әкемді 2 жасымда ғана көрдім,. ең құрмаса басына барып құран оқығым келеді" деп

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев