Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Астана мәңгі жасайды!

Астана мәңгі жасайды!

Астана мәңгі жасайды!

Әдетте қала дегеніміз ғасырлап тарих қалыптастырушы еді, сосын миллениюмдарда аңызға айналар еді. Қазақтың маңдайына біткен бақ па, әйтеуір ХХІ ғасырдың қазағы өзгемен терезесі тең, тағдыры тәлкекке бой алдырмайтындай жағдайға жетті. Мұның айқын бір белгісі – Астана. Иә, елордамыз, бас шаһарымыз 15 жылдығын тойлады, өзге қалалар елеңдесіп, арты-артынан сый жіберді, бесігінен бөбеп, бәйек болып назары осы бір қалада еді. Арқа төріне осыдан 15 жыл бұрын жан біткендей, Ер Төстіктей сәт сайын өскен қала бүгінде 780 880 тұрғыны бар астанаға айналды.

«Ғасырлар тоғысындағы Астана»

Бұл шара қаланың тарихпен бетпе-бет келіп, оны кеңінен тани түсуіне зор ықпал еткен игі іс. Ел болып, ер-тұрманын сайлаған кездегі өркениетіміз халық қойнауында жатқан асыл мұрадай, сарқылмас мол байлық. Дәл осы замана келбеттерін Астана халқы мен қонақтары «Ғасырлар тоғысындағы Астана» шарасында өнер көрсеткен фольк-әншілердің, дәстүрлі әншілердің, дәулескер күйшілердің мол қазынасымен танысты, құлақ түрді, сезінді. Бір апта бойында «Хан шатыры» кешенінің алдында жалғасқан концертке халық күн санап артып жиналатын әдет те тапты.

Мұнда дәстүрлі әншілер Рамазан Стамғазиев, Ақан Әбдуәлі, Ерлан Рысқали, Айгүл Қосанова, Клара Төленбаева, дәулескер күйші Шәміл Әбілтаев, этнофольклорлық «Тұран», «Сақ», «Алашұлы» топтары, «Көк түріктер» ансамблі, Таулы Шориядан келген «От Эне» тобы, Алтайдан келген Отуков Леонид, Генадий Самаев, Якутиядан Вероника Сыткина, Георгий Слепцов, Сахая Бускарова, Тывадан келген «Хуун Хуур Ту» топтары бар, ал бұл тізімге тағы да 400-ге жуық орындаушы мен ансамбльді қосыңыз. Бұл үлкен шараның ішінде Түркі музыкасының «Астана – Арқау» атты және шығармашылық коллективтерден құралған «Дала дауысы» фестивальдері сияқты шаралар өтіп жатты.

Шара аясында Ираннан, Өзбекстаннан, Моңғолиядан келген қолөнер шеберлерінің сауда көрмесі өтті.


Тойшыл қауымның екінші бір белсенді бөлігі – жастар. Жастардың қызығушылығын ескерген ұйымдастырушылар қаланың әр-әр жерінде спорттық ойындар: қазақша күрес, асық ату, тоғызқұмалақ, Street Racing, Воркаут, паркур, Street Ball секілді жарыстар өткізіп тұрды. Мұндағы басты мақсат спорт пен салауатты өмір салтын қала жастарына кеңінен насихаттау еді. Айтып өткіміз келіп отырғаны – асық ату ұлттық спорты. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаштан Астана күні қарсаңына әдейі келген қонақ Сейіт Асанов он үш жасар немересі Ерасыл асық атудан екінші орын алып, су жаңа веслосипед ұтып алғанына қуанышты. Сейіт ағамыз орта мектеп директорының орынбасары қызметінде екен. Оның айтуы бойынша, ол бала кезінде үштабан, күрке, қазан, ханталапай секілді асық ойындарын жақсы ойнапты.

«Тәуелсіздігімізбен бірге ұлттық спортымыз да қайта келіп жатыр, өзім бала кезімдегі асықтарды дорбаға салып, өз немереме сыйлағанмын. Міне, велосипед ұтып алды, 80 мың теңге ақша да берді. Ал бастысы – асық ойнау баланың дені сау болып өсуіне ықпалы бар, бірақ бұған қазір біз мән бермей келеміз», - дейді Сейіт аға.

Қала тұрғындары мен қонақтар бұдан кейін «Қазақ елі» монументінің алдында қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «МузАРТ» тобы, «Ринго» тобы, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Мәдина Сәдуақаосва, Қайрат Нұртас және тағы басқа да әншілер өнер көрсеткен «Сәлем, Астана» концертін тамашалады. Ашық аспан астындағы концерттің куәсі болып мыңдаған адам келді. Дәл сағат 12.00-де отшашу рәсімі ұйымдастырылып, Астана аспанын жап-жарық етті.

«Асқақтай бер, Астана»

«Асқақтай бер, Астана» - Астана күніне орай ең бір керемет ойластырылған шарасы екен. «Сарыарқа» велотрегінің 10 мың адамдық залында ине шаншарлық орын болған жоқ десек артық айтқанымыз емес. Мұндағы көрерменнің дені жастар болды. Отандық әншілер «Арнау» дуэті, Әли Оқапов, Луина, А-студио топтары келсе, шетелдік әншілердің қатарында «Дискотека Авария», Потап пен Настя секілді танымал артистер болса, ең бір бөлек айтатыны американ поп-жұлдызы Николь Шерзингердің келуі болды.

Шара ұйымдастырушыларының бірі Перизат Еспембетова «Жастардың негізгі көп бөлігі осы әншілерді тыңдайтын болғандықтан шетелдің болсын, отандық болсын әншілерге жасалған таңдау осындай болды», - дейді.

Сонымен қатар, жастардың тағы бір қызыққан шарасы КТК-дан (КВН) «Астана кубогы» халықаралық фестивалі болды. Астанада осымен екінші рет өтіп жатқан әзіл мерекесіне Ресейден, Қырғызстаннан әзілкештер және еліміздің жастары қатысты.

Бәрін айтпа, бірін айт дейді, біз бірін ғана айтуға тырыссақ та алқынған көңілмен мерейтой ауа райынан әлі де шыға алмай жүрміз. Әйтсе де, біздің мақсат айту, елордамыздың 15 жылдығы тек Астана тұрғындары емес, бүкіл Қазақстанның мерекесі, ардақ тұтар күні! Астана дәл осы мерейтойымен мәңгі жасамағын, мәңгі жас екенін мәлімдеді. Ләйім солай болғай! Мереке құтты болсын!

Ардақ Құлтай

1093 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 08 шілде 2013, 16:38
Пікірлер
+0
08 шілде 2013, 11:55

Асқақтай бер, Астана! концерті жақсы өтті. Әртістердің көбі тірі дауыспен ән салды. Сонысы ұнады.

+0
08 шілде 2013, 12:09

никольді айтсайш шіркін :lol: :lol: :lol:

+0
08 шілде 2013, 16:39

Асқақтай бер, Астана концерті керемет ұнамады (((. Өзіміздің әншілер айта берсе бола ма деп қалдым ғой. Шетелдік әншілердің бәрі айғайлап-айғайлап кетті. Никольдан керемет шоу күтіп ем :| Neyo келгенде керемет шоу жасап еді, Николь қашан құлап қалар екен деп алаңдап отырдық қо

+0
08 шілде 2013, 23:24

Мына шараларда папам болды, маған телефонмен мазмұндап, сол, «тiкелей» байланыста болдым ғо )))
ТД берген концерт жақсы болды, ұнап отырған, Потап пен Настя шыққанда ауыстырдым басқа арнаға (
Шынында, Никольдiң шақырылғанына мен қуандым! Жағдай болса, неге шақырмасқа?Өзiн сыпайы, қарапайым ұстапты! Киiм киiсi де ерсi емес )))

+0
09 шілде 2013, 08:52

Ооооо, Астана! Өзіңді менің қалай сүймейтінімді білсең ғой :mrgreen:

+0
09 шілде 2013, 09:02

:o сүймейтінімді???

+0
12 шілде 2013, 06:16

:lol: келіспеске шара жоқ :D

+0
10 шілде 2013, 11:26

Велосипед ұтып алған атай ұнады маған, халықтың нағыз өзі ғой, бір ауыз сөз өтірігі жоқ, шіркіннннн

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...