Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстандық қалыңдықтар рекорд орнатпақ

Қазақстандық қалыңдықтар рекорд орнатпақ

Қазақстандық қалыңдықтар рекорд орнатпақ

8 маусым күні Алматы қаласында тек қазақстандық қалыңдық қыздар ғана қатысатын ерекше шара өтпек.

Отыз шақты болашақ жарлар қалыңдық гүлін лақтырудан бақ сынап, Гиннестің рекордтар кітабынан орын алуды көздеп отыр.

Ұйымдастырушылар мен шараның авторы Виталия Дорцтың сөзінше, қалыңдық гүлін қай ару бәрінен де оза шауып, алысқа лақтырса, оған бас жүлделік сыйлық бар екен. Басты сыйлық – Оңтүстік астанамыздағы үздік қонақ үйінде неке түнін өткізуге жолдама.

Бұдан басқа барлық қазақстандық қалыңдықтар «Бақытты қалыңдық гүлі» атты теңдессіз шараның арқасында Гиннестің рекордтар кітабында есімдері қалуы үшін жеңіске ұмтылатын болады. Өйткені мұндай шара Гиннестің рекордтар кітабында мүлде тіркелмеген. Ал жеңімпаз қалыңдықты әділ-қазылар алқасы анықтайтын болады. Олар гүлді лақтырған орыннан гүлдің түскен жерін есептеп, ара-қашықтықты белгілейді де, ең ұзақ ұшқан қалыңдық гүлінің иесін жеңісімен құттықтайды.

Айтпақшы, бұл шараның басталуына түрткі болған жағдай жоқ емес. Қалыңдық гүлін теріс қарап тұрып лақтыру дәстүрі Еуропада орта ғасырдан бері бар. Бастауын батыстан алған шара уақыт өте басқа өңірлерге де тарай бастаған. Осыған байланысты гүлді тосып алған қыз келесі тойдың иесі атанады деген түсінік қалыптасқан. Ал бұған дейін батыста тұрмыс құрмаған қыз қалыңдықтың той көйлегінен кішкене ғана кесіп алу дәстүрі бар-тын.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: А. Кузнецов

2171 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 05 маусым 2013, 18:37
Пікірлер
+0
05 маусым 2013, 22:25

жақсы бастама, қалыңдық гүлін қағыа алған қыз міндетті түрде тұрмыс құратынына бірнеше рет көзіміз жеткен, осылай деп әпкелерім айтушы еді

+0
05 маусым 2013, 22:43

Барып көрмесем

+0
05 маусым 2013, 22:52

нәтижесін күтеміз

+0
05 маусым 2013, 23:14

Көп нәрселер ұйымдастырылып жатыр екен, барып қатысыңдар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...