Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / 25 мамыр күні Алматыда гүлдер байқауы өтеді

25 мамыр күні Алматыда гүлдер байқауы өтеді

25 мамыр күні Алматыда гүлдер байқауы өтеді

"Алматы – гүл қала" шарасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында өтеді.

Сіздерді 25 мамыр күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында ерекше гүлдермен әрленген ертегі әлемі күтеді. Гүлдер шарасында алматылық тұрғындар мен қала қонақтарына футуристік гүлді алаңқайлар мен гүлді мүсіндер және гүлді кілемдер таныстырылады. Жыл сайын өтетін "Алматы – гүл қала" шарасына білек сыбана кірісіп жатқан ұйымдар – Nicole компаниясы мен Asia Direct агенттігі. Байқауға қазақстандық басқа да "жасыл" ұйымдар қатыспақ. Биыл гүлді шараға шетелдің де қонақтары ат салысады. Солардың ішінде Ресей мен Украина және Голландия да бар. Барлық жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен және естелік бұйымдармен мараппатталатын болады.

Арнайы жасалған бағдарлама бойынша осы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында гүлдер байқауынан өзге да шаралар өтеді. Кеш барысында кішкентай балалардан құрылған топтар өнер көрсетіп, ұлттық музыкамыз аспандайды. Сонымен қатар, балалардың шығармашылығын сынға салатын "Алма" шарасы да өтпек.

Саябақ алаңында жиырма шақты әртіс өнер көрсететін болады. Солардың ішінде "Пластика корольдігі" мен «АРТиШОК» театрының әртістері және көпшілікке танымал "Көлеңке театры" мен украиналық "Алыптар көрсетілімінің" ұйымы да бар. Сонымен қатар мұнда ресейлік бірінші арнадағы «Минута славы» телебағдарламасының жеңімпаздары да өздерінше өнер таластырмақ.

Мерекеге жиылған қауым шараны жүргізушілердің арасынан Аша Матай, Мұрат Мұтырғанов, Алан Черкасов және Мөлдір Әуелбековаларды көре алады.

Сол күні әл-Фараби көшесі бойынан гүлмен әрленген автокөліктердің салтанатты шеруі жүріп өтеді. Ал кеш түсе, саябақта қазақстандық жарқын жұлдыздар мен жас опера әншілері ән шырқап, "Көлеңке театрының" тобы тірі қойылымдар қойып береді.

Мереке кезінде сахнада елімізге белгілі өнер иелері мен мәдениет қайраткерлерін көруге болады. Олар өздерінің сүйікті қаласы мен гүлдер жайында және туған жері жайында жан тебірентерлік пікірлер айтады.

Гүлдер байқауы Алматы қаласын гүлмен көмкеріп, қаланың экологиясын ретке келтіру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып отырады.

Мереке салтанатты от-шашумен мәресіне жетеді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: rusinhim.ru

1964 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 21 мамыр 2013, 15:34
Пікірлер
+0
21 мамыр 2013, 15:39

Барып көрмесем осы жолы

+0
21 мамыр 2013, 15:53

барып көретін екен. Ғаламат болайын деп тұр ғой

+0
21 мамыр 2013, 16:04

міндетті түрде барамын!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...