Адамзат тарихындағы ең ұзақ соғыстар

Адамзат тарихындағы ең ұзақ соғыстар
Фото: pinterest.com

Адамзаттың тарихта болған соғыстарға үйренгені соншалық, бұл соғыстар тарихтың өткен жылдарындағы бейбітшіліктің жалпы ұзақтығынан да көпке созылған сияқты.

Тарихтағы ең ұзақ соғыстар

Кез келген уақытта, планетаның әйтеуір бір жерінде шайқас жүріп жатады. Соғыстардың ұзақтығы да әртүрлі, бірақ олардың барлығы бір жолмен – бейбітшілікпен аяқталды. Сонымен, тарихтағы қай соғыстар ең ұзаққа созылды?

 

© pikabu

Ағылшын-Уэльс соғысы (452-1485)

1033 жылға созылған англосаксондар мен уэльстіктер арасындағы бірқатар соғыстар Уэльсті толық жаулап алумен аяқталды. Ағылшын, саксон герман тайпалары жергілікті кельттерге қарсы соғысқанымен, жеңіс оңайлықпен қол жеткізілген жоқ. Мұның бәрі Босворт шайқасында Генри Тюдор III Ричардтың жеңіске жетіп, Уэльсті толығымен жаулап алған кезде аяқталды.

© pikabu

Реконкиста (711-1492)

1492 жыл тек Колумбтың саяхатымен ғана емес, сонымен бірге 781 жылға созылған және қазіргі Испания мен Португалия аумақтарын қамтыған Реконкиста діни соғысының аяқталуымен де тарихта қалды

Мұның бәрі 711 жылы Солтүстік Африканың маврлары Жерорта теңізін кесіп өтіп, Еуропаға қарай жылжып, жолындағы барлық нәрсені оңай жеңген кезде басталды. Келесі ғасырларда христиандық және мавриандық әскерлер арасындағы шайқастар жиі-жиі әр тарап үшін әртүрлі дәрежеде табысты болды, бірақ екі жақтың ешқайсысы шешуші артықшылыққа ие болмады.

ХV ғасырға қарай Фердинанд арагондық пен кастилиялық Изабелла І-нің некесі испандық күштерді біріктіріп, 1492 жылы Гренаданы қайтарып алуға мүмкіндік берді.

© kolobugaruru.wordpress.com

Рим-парсы соғыстары (400 жылдан астам)

Еуропа мен Таяу Шығыстың екі басты державасы арасындағы қарама-қайшылық көптеген ғасырларға созылды. 400 жылдан астам римдіктер мен парсылар үздіксіз соғысты, бұл екі жаққа да пайдалы болмай және тек ресурстардың сарқылуына әкелді.

Нәтиже екі держава үшін де қайғылыяқталды. Олар өзара соғыстарда бір-бірін әлсіретіп жіберді. Иран Араб халифатының билігінде кірді, ал Византия Мысыр мен Таяу Шығыстан айырылып, келесі жүздеген жылдар бойы өмір сүру үшін күресті.

© wikiwarriors

Жүз жылдық соғыс (1337-1453)

Англия мен Франция арасындағы соғыс 116 жылға созылды. Мұның бәрі ағылшын Плантагенетінің (француз патша әулеті) француз тәжіне талап қоюынан басталды. Ал француздар Фландриядағы ықпалын арттырып, ағылшындарды Еуропа аймағынан қуып шығуды көздеді.

Ұрпақтар алмасты, бірақ соғыста Жанна д-Арк есімі пайда болғанға дейін жағдай сол күйінде қалды. Орлеандық қыз өз жерлестерін жеңіске жетуге шабыттандыра білді, бірақ бұл жеңіс Жаннаның өлімімен аяқталды.

Адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған қақтығыстардың ішінде тарихшылар орыс-түрік соғыстарын (351 жылдан бастап 69 жыл әскери қимыл), Батыс Еуропа рыцарьларының шығыс елдеріне жасаған басқыншылық жорықтарын (1096-1699), Араб халифатымен соғыстарды атап өтеді.

Т. Раушанұлы