Әуежайда ұзақ уақыт қалып кеткен адамдар

Әуежайда ұзақ уақыт қалып кеткен адамдар

Әр адам өмірінде бір рет болса да әуежайда жоспарлағаннан көп уақыт өткізген шығар. Әуежайда айлап, кейде ондаған жылдар бойы өмір сүруге мәжбүр болған адамдар бар. Ал олардың кейбірі транзиттік аймақтан әлі де шықпай өмір сүруін жалғастырып жатыр.

Голливуд продюсері Стивен Спилбергке "Терминал" фильмін түсіруге дем берген Париж әуежайында 18 жыл тұрған ирандық әйгілі босқын Мехран Насери бәріне белгілі.

Массагет порталы әлемнің түкпір-түкпірінен келіп және әр түрлі себептермен әуежайларда ондаған жыл қалып кеткен адамдар туралы мәлімет ұсынады.

Денис Луис де Соуза әуежайға 16 жасар жасөспірім ретінде келіп және ол жерде 19 жыл бойы қалып кеткен

Денис Луис де Соуза 20 жылға жуық уақыт Сан -Паулу халықаралық әуежайынан өмір сүрді. Ол өгей шешесімен жанжалға байланысты көшуге мәжбүр болған. Денис Бразилиядағы әуежайдан ешқайда ұшуды жоспарламайды және қазіргі тұрғылықты жеріне өте риза.

Бүгінде 35 жастағы бразилиялық әуежайда тұруды жалғастыруда және әлемде не болып жатқанын білгісі келмейді.

 

Санджай Шах - азаматтықтан бас тартып, ешқайда ұшып кете алмаған

Кения азаматы Санджай Шах 2004 жылы Англияға көшеді. Бірақ әуежайда Ұлыбританияда жарамсыз ағылшын төлқұжатымен келгені белгілі болады. Ал Еуропаға ұшар алдында кениялық төлқұжатынан бас тартқан болатын. Сондықтан, ол азаматтығы жоқ адамға айналады.  Санджай Найроби әуежайының демалыс бөлмелерінде 437 күн өмір сүруге мәжбүр болды.  Ол әуежайдың дәретханаларында жуынып, әуежай мейрамханаларында жұмыс істейтін адамдардың тамақтарын жеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының назары мен қоғамдық қолдаудың арқасында Санджай Шах Ұлыбритания азаматтығын алды, қазір ол отбасымен Англияда тұрады.

Хасан Аль Контар соғысудан гөрі терминалдың транзиттік аймағында тұруды таңдаған

2011 жылы туған жерінде соғыс басталған кезде сириялық Хасан Аль Контар Дубайда жұмыс істейтін еді. Ол жұмыс визасының мерзімі аяқталғаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінде қалады. Себебі ол еліне оралса, қолына қару алып соғысу керек болатын. 7 жылдан соң Малайзияға депортацияланды. Оған Камбоджа, Малайзия, Түркия және Эквадорға кіруге тыйым салынғаннан кейін Куала -Лумпур әуежайының транзиттік аймағына барады.

Контар 208 күн баспалдақтың астында ұйықтады, дәретханада жуынып, жолаушылар сыйлаған тағамды жеді.

Хасана Канадалық БАҚ -пен байланыс жөніндегі кеңесші Лаура Купер көмектесті.  Қазір ол Канадада өмір сүреді.

Фэн Чжэнгу – үйіне қайтуға рұқсат етілмеген заңгер

Қытайлық жазушы және азаматтық құқықты қорғаушы Фэн Джэнгу 2009 жылы қарашада Жапонияға әпкесіне қонаққа келеді. Ол Шанхайға қайта оралғанда, оны Токиоға қайтарып жібереді. Себебі оған шекарада елге кіруге тыйым салынған еді.

Осылайша, Қытай үкіметі елді дүрліктіргіш белсендіден құтылғысы келген. Бірақ Фэн Жапонияда қалғысы келмей, отанына қайтуына рұқсат беретін күнді күтті. Ол еліне қайтуға 8 рет өтініш берді, бірақ 8 ретте де Қытай үкметі оған қайтуға рұхсат бермеді.

Фэн 86 күнін әуежайда өткізіп, әлемдік БАҚ назарын өз мәселесіне аударуға тырысты. Оның жағдайы туралы мүмкіндігінше көп адам білуі үшін «Қытай азаматына Қытайға кіруге сегіз рет тыйым салынған» деген жазуы бар футболка киіп алды.

 Тек, 2010 жылдың ақпанында, қытайлық Жаңа жыл қарсаңында, мерекені отбасымен бірге қарсы алу үшін оған үйіне оралуға рұқсат етілді.