Шынайы оқиғаларға түсірілген фильмдер

Шынайы оқиғаларға түсірілген фильмдер

Киносүйер оқырмандарымызға шынайы оқиғалар негізінде түсірілген 5 кинофильмнің тізімін ұсынып көрмекпіз.

"Терминал"


Өз елінде билік ауысуы болып жатқанда Шығыс Еуропадан Нью-Йоркке келген Виктор Наворски туралы оқиға өмірде шынайы болған. Басты кейіпкер халықаралық әуежай терминалында өте ұзақ уақытқа қалып қояды. Кино 1988 жылы Мехран Каримнің Ираннан қашуына байланысты түсірілген. Ол құжаты жоғалғандықтан париждік әуежайда жиырма жыл өмір сүрген екен.

"Вязов көшесіндегі сұмдық"


Үрейлі фильмдерді көргенде мұның бәрі ойдан алынған нәрсе ғой деп өзімізді алдайтынымыз бар. Алайда, "Вязов көшесіндегі сұмдықтағы" Фредди Крюгердің жаныңызды түршіктірер оқиғасын көріп отырып ешкімді алдай алмайсыз. Бәрі де ақиқат. Уэс Крейвен есімді сценарист күндердің күнінде газет бетіндегі журналистер қызу талқылаған жасөспірімдер өлімі туралы мақаланы көріп қалады. Қызығы құрбан болғандардың барлығы да алдын-ала қорқынышты түстер көрген екен. Мұның мистикамен ешқандай байланысы жоқ, олар кезінде Камбоджадан қашып келгендер болып шықты. Бірақ, сценарист себепті түбегейлі өзгертіп жібереді. Нәтижесінде, кінәлі – түстен келген қанішерлер болып көрінеді. Ол тіпті адам өлтіруші үшін есім ойлап табу үшін қиналған да жоқ. Уэсты мектепте жиі мазақтайтын адамның есімін таға салды.

"Өлі ақындардың қоғамы"


Бұл фильмнің сценарийін Том Шульман жазды. Ол оқиғалардың барлығын дерлік Теннеси штатындағы Монтгомери Белл Академиясындағы өмірінен алған. Ағылшын тілінің мұғалімі Джон Китингтің прототипі (Робин Уильямс сомдайды) – Томның шынайы ұстазы Сэмюэл Пикеринг екен.

"Атақты"


2000 жылы көрерменге жол тартқан музыкалық драма шынайы оқиғаларға негізделген. Режиссер Кэмерон Кроу «Led Zeppelin», «The Allman Brothers Band» және «The Eagles» рок-топтарымен саяхатқа шығады да, осы сапарын фильмге арқау етеді. Фильмде бозбала күтпеген жеден «Rolling Stone» музыкалық журналының тілшісі болып, «Stillwater» тобы туралы мақала дайындайды және соның жолында көптеген қызықты жағдайларға тап болады.

"Чикаго"


"Чикаго" атты танымал мюзикл де шынайы оқиғалардың негізінде түсірілген. 1924 жылдары болған Чикагодағы екі өлім көптің сүйіп көретін фильміне айналады деп кім ойлаған? Аталған фильмде чикаголық түрмеге түскен Рокси Харт және Вильме Келли атты бишілердің тағдырлары айтылады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net