Көкнәр өсімдігі туралы қызықты деректер

Көкнәр өсімдігі туралы қызықты деректер
Фото: Ернар Алмабек

Көкнәр өсімдігін ботаниктер рараvеr деп атайды. Біздің аймақта қызыл көкнәрі өссе, Гималай тауының етегінде көк түсті, ал солтүстік аймақтарда сары полярлық көкнәр өседі. Олар тіпті мұз астында да гүлдей береді. Көкнәрдің жалпы әлемде бұрыннан белгілі  100-ге жуық түрі бар. 

Ежелгі гректер көкнәр алқабын ұйқы құдайы Морфейдің патшалығы деп білген. 

Ал, біздің заманымызға дейін V ғасырда римдіктер көкнәр басынан ауруды басатын, тыныштандыратын апиынды ала бастады. Оның көп мөлшері ем болса, шектен тыс мөлшері ағзаға у болатын.

Ежелден-ақ оның жылдам көбейе алатыны белгілі болды. Әрбір көкнәр басында 30 000 дән бар. Сол себепті кейде оны неке құдайы Гераның ерекше белгісі деп таныған.  

Көкнәрдің ұйқысыздықтан құтқаратын белгісі ертеде-ақ белгілі болған. Сол себепті кезінде сүтке немесе тағамға көкнәр дәнін қосып, баланы тыныштандыру үшін пайдаланған.  Көкнәрдің латын тіліндегі атауы "рараvеr" - "нағыз балалар ботқасы" деп аударылады. Кейін бұның қауіпті екені анықталып, оған тыйым салынды.

Бүгінде қызыл көкнәр соғыста қаза тапқандар символы ретінде қолданылады. Бұл дәстүр Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде,  1914 жылдан бастау алады.  Қазір көкнәр үлгісіндегі бутоньерді сырт киім тағу арқылы, екі Дүниежүзілік Соғыста қаза тапқандарға құрмет білдіреді.  

Т. Есқали