Қыс бойы он мың пингвинді суретке түсірген фотограф

Қыс бойы он мың пингвинді суретке түсірген фотограф

Неміс фотографы және кинорежиссері Стефан Кристман Антарктиданың Атка шығанағында екі қысты 10 мың империя пингвинінің қасында өткізді.

ВВС-дің "Dynasties" деректі фильмінде оператор боп жұмыс істеген Кристман Антарктидадағы күндеріне арналған "Penguin: A Story of Survival" ("Пингвин: тірі қалудың тарихы") атты кітабындағы кейбір суретін жариялады.

Кристман Антарктидада алғашқы қысын 2012 жылы Альфред Вегенер институтында геофизик болып жұмыс істеген кезде өткізді. Ол Атка шығанағына жақын орналасқан және жыл сайын мыңдаған императорлық пингвиндер жиналатын институт станциясында 15 айдай болған.

"Станция өте үлкен және заманға сай. Сондықтан әдеттегі өмір салтыңызда ешнәрсені жіберіп алмау керек. Алғашында бәрі өте жаңа және қызық болып көрінеді. Бірақ содан кейін достарыңды, отбасыңды және күнделікті өміріңді сағынасың", - дейді фотограф.

"Ең қорқыныштысы – кейде бірнеше аптаға созылатын дауыл және оның станцияны шайқауы. Осындай күндерде адам өзін түрмеде отырғандай сезінеді. Бірақ сіз бұл станция өмірінің бір бөлігі екенін, жаман күндер жақсы күндердің құнын арттыратынын түсінесіз", - дейді ол.

Кристман Антарктидаға 2016 жылы BBC Natural Group тобының "Dynasties" сериалын түсіру үшін екі әріптесімен бірге қайта оралған.

Кристман Антарктидада қысты жалғыз өткізуге шешім қабылдағаны туралы айтады. Фотограф пингвиндердің "салтанаты" суыққа қарсы құпия қару, бұл тіршілік етудің ерекше стратегиясы дейді.

"Алып инкубатор механизмі сияқты әрекет ететін пингвиндер бір-біріне өте жақын тұрады, бастарын алдарындағы серіктестерінің иығына қояды. Нәтижесінде, денелері бірігіп температураны сақтайды, ол топтың орталығындағы температура +37 градусқа дейін жетуі мүмкін", - дейді Кристман.

Кристман және оның командасы түсірілім кезінде камуфляж киім киген жоқ. Керісінше, олар жоғалып кетуі мүмкін жағдайларда оңай табылуы үшін қызыл күртешелерді дұрыс көрген. Кристман император пингвиндері қызыл киінген адамдарға үйреніп қалғанын айтады.

Кристман император пингвиндерінің айрықша дыбысы бар екенін, оны кейбіреулер "керней" деп атайтынын айтады.

"10 000 пингвиннің ән айтатын дауысы керемет. Бұл әлемнің жабайы бұрышында, өмір сүру мүмкін емес жерде өмірге шақыру, сондықтан бұл мен үшін ғажап симфония", - дейді Кристман.

Жаһандық жылынуға байланысты жылынатын мұхит ағындары мұздықтарды ерітіп келеді.

"Өкініштісі, біздің таңдауымыз бен қоршаған ортаға тигізетін әсеріміз адам популяциясы жоқ шалғайдағы экожүйелерге де айтарлықтай әсер етеді, - дейді Стивен Кристман.

Т. Раушанұлы