Ғалам неден тұрады?

Ғалам неден тұрады?
Фото: freepik.com

Ғалам неден құралған? Бұл жауабы әлі толық анықталмаған, ғалымдарды бұрыннан алаңдатқан сұрақ. Дегенмен "жұмбақтың" шешімін таппасақ та, сол жолда алғашқы дәйектер табылып жатыр.

Биыл астрофизиктер материя бүкіл ғаламдағы қуаттың үштен бір бөлігін құрайтынын анықтады. Қалған бөлігін ғаламның кеңеюіне жауап беретін қара энергия құрайды. Францияның ұлттық ғылыми зерттеу орталығы (CNRS) көзге көрінетін материяның 40% галактикаларды байланыстыратын ғарыш өрмегінде жасырынған.

Ғалымдар ғалам үш түрлі заттан тұрады дейді. Олар: дұрыс материя, қара материя және қара энергия. Біз білетін жұлдыздар, планеталар, адамдар мен ғаламда көзге көрінетіндердің бәрі "дұрыс" материядан тұрады. Алайда ол ғаламның тек 5% құрайды екен. Қара материяға 25% тиесілі, ал 70%-і қара энергиядан тұрады. 

Astronomy & Astrophysics журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар заманауи құрылғының көмегімен ғарыш өрмегінде жасырынған материяны тапқан. Ол барлық материяның 40%-ін құрайды. Оған ғаламшарлар, галактикалар, жұлдыздар кіреді. Ғарыш өрмегі болса да шашырап өртенген газдан тұрады.

А. Рысдәулет