Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды

Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды

Польшаның Мщонув қаласында тереңдігі 45,4 метр болатын бассейн ашылды. Бұл әлемдегі ең терең бассейн болды, - деп жазады The Independent басылымы.

Бассейндегі судың көлемі 85 мың текше метрден асады. Бұл – 27 олимпиада бассейнінің көлеміне шақ келеді.

Осыған дейін Венеция маңындағы Y-40 Deep Joy комплексіндегі бассейн ең тереңі деп есептеліп келген еді. Оның тереңдігі – 42,15 метр.

Польшадағы ең терең бассейн орналасқан Deepspot орталығында қонақүй де бар. Бассейн ғана емес, дайвингпен айналысуға таптырмас орын болмақ. Сондай-ақ су астындағы арнайы өткелдер арқылы экскурсия ұйымдастыру жайы да қарастырылған.

Бұдан өзге бассейннің ең терең тұстары Майя өркениеті стилінде жасалған. Батқан кеме мен су асты үңгірлері де бар.

Deepspot дайвинг орталығына су спортының кәсіби мамандары ғана емес, енді бастап жүргендер де бара алады. Сондай-ақ мұнда поляк сарбаздары да дайындығын шыңдайтын көрінеді. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар