Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды

Әлемдегі тұңғыш су асты кемесінің мұражайы Эгей теңізіндегі Alonisos аралында ашылды. Мұражай "Суға батқан кемелердің Парфеноны" деп аталады. Саяхатшылар теңіздің 20 метр тереңінде ежелгі кемеден алынған амфораларды (ежелгі грек құмырасы) тамашалай алады.

Мұражай әуесқой драйверлер үшін 3 тамыздан 2 қазанға дейін ашық. Су түбінде жүзуді білмейтіндер Alonisos ақпараттық орталығында виртуалды экспонаттармен таныса алады. Суға батқан кеме Халкидики қаласынан (Грецияның солтүстігінде орналасқан түбек) Скопелос аралына мыңдаған амфора алып бара жатып апатқа ұшыраған. Кеме б.з.д. 425 жылы теңіздегі дауыл кезінде батып кетті деген болжам бар. Оны грек балықшылары 1985 жылы тапқан.

Мамандардың айтуынша, кеме өз заманындағы ең үлкен кемелердің бірі болған. Ол батып кеткен кезде бортындағы барлық құмыралар зақымданған, бірақ оларды кейіннен мамандар қайта қалпына келтірген.

Греция үкіметі тағы 4 су асты мұражайын ашып, осы арқылы шетелден көбірек туристер тартуды, пандемия кезінде қатты зардап шеккен туристік индустрияны қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.