Айдың "сынығы" бәссаудаға қойылды

Christie's бәссауда үйі әлемдегі ең үлкен Ай метеоритін сатылымға шығарды. Оның көлемі бір футбол добымен бірдей. Бағасы 2 миллион фунттан ($2,49 миллион) басталады.

Ай "сынығының" салмағы – 13,5 килограмм. Ол NWA 12691 деген атаумен тіркелген және Жер бетінен табылған Ай бөлшектерінің қатарында көлемі бойынша бесінші орында.

Бұл метеорит Аймен соқтығысу нәтижесінде Сахараға келіп түскен. Жер бетінде жалпы салмағы 650 килограмм Ай тастары кездеседі.

"Қолыңда басқа бір әлем бөлшегін ұстап көрудің өзі сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім сыйлайды ", – дейді Christie's бәссауда үйінің ғылыми бөлімшесінің басшысы Джеймс Хислоп.