2020 жылы жойылған балық түрі анықталды

2020 жылы жойылған балық түрі анықталды
Фото: kolibri.press/

Қытай ескектұмсығы – екінші онжылдықта жойылып кеткен бірінші балық, деп хабарлайды Mongabay порталы. 

Қытай ескектұмсығы (Psephurus gladius) –  ескектұмсық тұқымдасына жататын псефур (Psephurus) түрінің жалғыз өкілі. Ол Янцзы өзенің мекендейді және америкалық ескектұмсықтардан айырмашылығы балық пен шаян тектес жануарлармен қоректенеді. Қытай ескектұмсығы ірі болғандықтан, оны ел арасында "Янцзы өзенінің пандасы" деп атайды. 

Янцзы өзеніне қарасты балық шаруашылығының ғылыми зерттеу институтының зерттеушілері 2005-2010 жылдары аралығында  жойылғанын айтты. Ескектұмсық популяциясының айтарлықтай азаюына 1970-жылдары балықты шеткен тыс көп аулау мен тіршілік ету аймағының бұзылуы себеп болған. Өзен суының ластануы мен урбанизация да әсер еткен.

1981 жыл мен 2003 жылдың қаңтар айына дейін балықтың 210 түрі ғана болған. Бірақ, 2017-2018 жылдары зерттеушілер қанша іздесе де балықты таба алмаған. Биылдан бастап ескектұмсық ресми түрде жойылған жануар тізіміне кірді.

Т. Есқали