Forbes әлемдегі ең жомарт миллиардерлер рейтингін жасады

Forbes әлемдегі ең жомарт миллиардерлер рейтингін жасады

Forbes әлемдегі ең жомарт миллиардердің рейтингін жасады. Олар 2019 жылы білім, ғылым және медицинаға жүз миллиондап кейде миллиардтаған қаржы жұмсаған. 

Image result for Азим Премжи

1. Азим Премжи – $7,6 млрд

Үндістандық IT магнат Азим Премжи былтыр үлкен көлемде қайырымдылық жасады. Ол Wipro Limited IT-компаниясындағы 7,6 миллиард доллар үлесін "Азим Премжи" атындағы білім қорына аударды. Премжидің әкесі оған 1966 жылы өсімдік майын өндіру ісін мұра етіп қалдырған. Оны кейін Премжи бағдарлама жасайтын компанияға айналдырды. 2019 жылы компанияның кірісі 8,5 миллиард долларға жетті.

2. Уоррен Баффет – $3,6 млрд

Уоррен Баффет жыл сайын өзі басқаратын Berkshire Hathaway акциясы арқылы қайырымдылық қорларына миллиардтаған доллар қаражат аударады. Баффет өміріндегі ең көлемді қайырымдылық ісін 2019 жылдың шілдесінде жасады. Ол Билл мен Мелинда Гейтс қорына, Сьюзан Томпсон Баффет қорына (марқұм әйелі) және үш ұлына, Howard G. Baffett Foundation, Sherwood Foundation және NoVo Foundation-ге 3,6 миллиард долларлық қайырымдылық жасаған. Forbes журналының мәліметі бойынша, Баффет осы уақытқа дейін қайырымдылыққа 38 миллиардтан астам доллар жұмсаған.

3. Стюарт және Линда Резник – $750 млн

Жаңғақ, жеміс сатумен байыған калифорниялық миллиардерлер Стюарт пен Линда Резник қыркүйек айында климаттың өзгеруін зерттейтін Калифорния технология институтына 750 миллион доллар аударды. Бұл – университет тарихындағы ең үлкен қайырымдылық. CalTech компаниясы бұл қаржыға 7000 шаршы метрлік "Резник экологиялық-ресурстық орталығының" ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Бадам мен пісте өндіретін әлемдегі ең үлкен компания Wonderful Co 9 миллиард долларлық байлыққа ие болып, ол Резниктерге тиесілі.

4. Дэнни Сэнфорд — $350 млн

Несие карталарын шығарып байыған Денни Сенфордтың қазіргі әл-ауқаты – 3,4 миллиард АҚШ доллары. Ол былтыр Сан-Диего ұлттық университетіне 350 миллион доллар қайырымдылық жасады. Енді университет 2020 жылдың шілдесінен бастап "Стенфорд" деп аталды. 1971 жылы құрылған жеке коммерциялық емес университет негізінен балалары бар, жұмыс істейтін немесе әскерде қызмет ететін жасы үлкен студенттерге білім береді. Стенфорд осы уақытқа дейін денсаулық сақтау мен білім беру саласына 2 миллиард долларға жуық қаражат бөлген.

5. Филип "Терри" Рейган және Сьюзан Рейган – $200 млн

Филип "Терри" Рейган мен Сьюзан Рейган Массачусетс ауруханасындағы вакциналарды зерттеу орталығына 200 миллион доллар бөлді. 2009 жылы Оңтүстік Африкаға сапар шеккен ерлі-зайыпты АИТВ-ға қарсы вакцина жасау үшін Массачусетс ауруханасын, Массачусетс технологиялық институты мен Гарвардтың қатысуымен Аймақтар институтын құрды. Рейган – ауруханалар мен банктерге үлкен көлемде мәліметтерді өңдеуге көмектесетін InterSystems бағдарламасын жасау арқылы 2,6 миллиард доллар қаржыға кенелген кәсіпкер.

6. Стивен Шварцман – $188 млн

Блэкстоун инвестиция фирмасының тең құрылтайшысы Стивен Шварцман Оксфорд университетіне 188 миллион доллар аударды. Бұл қаражат Шварцман гуманитар, философия орталықтарын және Оксфордтың жаңа этика институтын қаржыландыруға жұмсалады. Орталықта 500 орындық концерт залы және 250 орындық дәріс залы болады. Шварцманның әл-ауқаты – 19,1 миллиард доллар. Ол 2018 жылдың қазан айында Массачусетс технология институтының жанынан компьютер колледжін салуға 350 миллион доллар бөлген.

7. Джон М. Хантсман әулеті – $150 млн

Химикат өндіріумен байыған Хантсман әулеті қараша айында Юта университетінің студенттері мен Юта штатындағы жергілікті ауыл тұрғындары үшін психикалық денсаулық саласындағы зерттеулерді қаржыландыруға 150 миллион доллар қаражат бөлді. Қаражат Хантсман психикалық денсаулық институтын құруға жұмсалады және 15 жыл бойы қаржыландырылып отырады.

8. Хансйорг Висс – $131 млн

Медицина жабдықтарын өндірумен байыған швейцариялық миллиардер Хансйорг Висс маусым айында Гарвард университетіне 131 миллион доллар бөлді. Висс 2018 жылдың қазан айында New York Times-те он жыл ішінде құрлық пен мұхиттарға 1 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Ол 1963 жылы медициналық жабдықтар өндіруші Synthes компаниясы негізін қалаған. Өз компаниясын 2012 жылы Johnson & Johnson-ға 2,2 миллиард долларға сатқан. Қазіргі уақытта Висстің әл-ауқаты – 6,3 миллиард доллар.

9. Кеннет Гриффин – $125 млн

Чикагодағы ең бай адам, Citadel хедж-қорының негізін қалаушы Кеннет Гриффин Чикаго ғылым және индустрия мұражайына 125 миллион доллар қайрымдылық жасаған. Бұл сома –  1933 жылы музей ашылғаннан бергі ең үлкен қайырымдылық. Мұражай "Кеннет Гриффиннің ғылым және өнеркәсіп мұражайына" айналады. Бүгінде Гриффиннің жалпы байлығы – 13 миллиард доллар.

10. Сэнди және Джоан Вейл – $109 млн

Қараша айында миллиардер, филантроп Сэнди мен Джоан Вейл Сан-Франциско қаласындағы Калифорния университеті, Беркли қаласындағы Калифорния университеті және Вашингтон университетінің қатысуымен ми ауруларын емдеу әдістерін іздеуге арналған зерттеу жобасына 109 миллион доллар бөлді. Сэнди Вайл брокерлік компания құрып, оны 1981 жылы American Express-ке 1 миллиард долларға сатқан. 90-шы жылдардың аяғында Travelers және Citibank-тың бірігуін және Citigroup-тың пайда болуына басшылық еткен. 2003 жылға дейін Citigroup-тың бас директоры болған.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
17 тамызда карантин қалай кезең-кезеңімен алынады?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?
Балаларды желідегі буллингтен қалай сақтандыру керек?